Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қауіп еткеннен айтамын 20573 0 пікір 20 Қараша, 2014 сағат 15:33

ЗИЯРАТ ЖАСАЙ БАРЫП, ЖАҒАМЫЗДЫ ҰСТАП ҚАЙТТЫҚ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Нұртай Әбіқаевқа

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Асхат Дауылбаевқа

 

Біздер Ақылжанова Ділдәкүл, Маймақова Гүлбарам, Сейітова Айым  2014 жылдың 15 қараша күні Түркістан қаласына зияратқа бардық. Ахмет Иассауй кесенесіне зиярат жасап болған соң имам Марат Қалдарбекұлы деген жігіт: «Осы жерден 60 км жерде Укаша ата кесенесіне де зиярат жасасаңыздар үлкен сауапқа кенелесіздер», - деді. Сөйтіп үш құрбы алты мың теңгеге такси жалдап бардық. Алдымыздан сол жердің молдасы Ұлықбек Жүнісбаев деген жігіт шығып: «Қоныңыздар сауабы мол болады», - деді. Жарайды деп қондық. Күндіз құдық басына барып су алдық. Алайда құдықтың басында отырған Темур, Байзақ деген жігіттер садақаға түскен ақшаны арнайы сейфтерге салғызбай ортаға үйіп, адамдар саябырсыған кезде түйіншектерге түйіп алып қасындағы үйге алып кетті. Құдай-ау, түйіншектің ішінде бес жүз мың теңгеге жуық ақша бар-ау деп ойладық. Ал сейфтің бетін ақ матамен орап тастаған. Сөйтіп кешкісін тамақтанып болған соң, құдықтың басына отырған Темур, Байзақ, имам Ұлықбек,қасында Алмас, тағы да екі-үш бала, атын білмедік, жиналып алып, көкнәр ма, наша ма шегіп, бір кезде өздерінен өздері айқайлап зікір салды. Бізді де шақырып жатыр деп бір бала келді. Атын білмедік. Барсақ имам Ұлықбек деген жігіт көзі қызарып кеткен, түрлерінен адам қорқады, біздерге айқайлап: «Отырыңдар, зікір салыңдар, көкірек көздерің ашылады. Әбден денелеріңді шайтан билеп алған» деді. Қорыққанымыздан мешіт бөлмесінің кіре берісіне отыра салдық. Өздерінен өздері айқайлап жынды адамша, әбден мазамызды алды. Зияратқа барған адамдардың бәрі аң-таң болып қалдық. Жантүршігерлік әрекет деп санаймын. Бұл қайдан келген ағым?Қасқарайғанда Қарағанды облысынан қонуға келген екі мәшина адамдар осы әрекеттен кейін жағасын ұстап, қонбай кетіп қалды. Ал біздерді апарған такси кетіп қалған, телефонына звондап түнде шақырып алып біз де Түркістанға кетіп қалдық. Кім біледі, түнде қонғанда біздерге басқа пиғылда әрекет жасай ма деп те қорықтық.  Ертесіне кесенеге барып Марат  Қалдарбекұлы деген молда жігітке болған оқиғаны айттық. Апай,ренжімеңіздер, ешкімге тіс жармаңыздаршы деп бізге жалынды. Сөйтіп, кесене маңындағы «Шырақшы» деген асханадан тамақ ішіп отырып, кешегі Қарағандыдан келген зияратшылармен жолығып қалдық. Арасындағы жасы егде тартқан кісі біздерге «Бұлар зікіршілер, оларға жоламаңдар. Бұлардың басшылары сотты болып жатыр. Ал Укаша құдығы мен кесенесінің басында отырған солардың шәкірттері. Ахмет Иассауй кесенесінің директоры Мәулен Садықбеков, орынбасары Сейсенбай Ахмет тағы басқалары барлығы зікіршілер оларға айтып әуре болмай-ақ қой шырақтарым. Мен Мәулен Садықбековке талай мәрте сын ескертпе жасағанмын. Айтқанымнан түк шықпады. Укаша кесенесі мен құдығы  Әзірет Сұлтан музейіне қарасты» деді. Сөйтіп болған мән жайды директор Мәулен Садықбековке ескертуге барсам, кеңсе алдында күзетшілер ғана жүр екен. «Апайлар, бүгін кеңсе демалады. Оның үстіне директоры еңбек демалысында» деді. Көргенімізді басшыларына жеткізе алмағандықтан жазып отырмыз. Сонда осындай мәселеге бей-жай қарап отырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қайда қарап отыр?

Құрметті Нұртай Әбіқайұлы!  Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! Осы мәселеге байланысты тексеру жүргізіп, әулиелердің басын экстремистік ұйымға айналдырып отырған Әзірет Сұлтан музейінің директоры Мәулен Садықбеков, Укаша ата мазарының молдасы Ұлықбек Жүнісбаевты, қызметшілері Байзақ, Темур, Алмас сынды экстремистерге заңды шара көруіңізді сұраймын.

Арыз жазушылар: Ақылжанова Ділдәкүл, Маймақова Гүлбарам, Сейітова Айым.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының тұрғындары 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052