Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 9231 0 пікір 17 Қараша, 2014 сағат 11:33

ХАЛАЛ ДАУЫ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Отандық нарықтағы халал өнімдеріне қатысты алып-қашпа әңгіме осы салада еңбек етіп отырған кәсіпорындардың беделіне нұқсан келтіру үшін ойдан шығарылған жала болуы мүмкін...

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жасалған өінімдердің халал стандарттарына мүлдем сәйкес келмейтіндігі жайлы ақпарат тараған еді. Тіпті, «Баба дәстүрінің мұрагерлері » қоғамдық қорының басшысы Арманғазы Мұратов дүкен сөрелеріндегі барлық халал өнімдерінің жасанды жолмен әкелінетінін, оның заң талаптарына сәйкес шығарылмайтынын айтып, мәлімдеме таратқан болатын.

Осыған орай, отандық тұтынушыларды өз тауараларымен қамтамасыз етіп отырған «Бақара» сауда белгісінің иесі «Астана агропродукт» ЖШС өз алаңдаушылығын білдірді. Өйткені бұл сауда белгісі тамақ өнеркәсібі нарығындағы бәсекеге қабілетті өндіріс ошағы болып табылады. Және өндірген өнімдеріне деген сұраныс та жоғары.

– Баспасөзде айтылған мәлімдемемен келісу қиын. Біріншіден, бұл айыптаулардың нақты дәлелі жоқ, кейбір БАҚ біздің өнімдердің суреттерін интернеттен көшіріп қана алғанға ұқсайды. Онда өнімнің сапасы туралы емес, өндіруші компанияның аты ғана бадырайып көрсетілген. Демек, осы әрекеттер тарқылы «Бақара» сауда белгісінің тұтынушылар алдындағы абыройына нұқсан келтіріп, бізді нарықтан ығыстырып шығаруға тырысатындардың бар екені белгілі болды. Біз өз өнімдеріміздінің сапасына, технологиясына толық жауап береміз. Тұтынушылар көңіліндегі күдікті сейілту үшін, өте жоғары деңгейдегі тексерістерге дайынбыз және барлық экспертиза «Бақара» өнімдерінен кінәрат таба алмасына кепілдік береміз, - дейді «Астана агропродукт» ЖШС директоры Серік Рахымбаев.

Осы өндіріс орыны қоныс тепкен Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының әкімі Қайры Рыскелдинов та «Астана агропродукт» серіктестігінің жұмысынан ешқандай заң бұзушылық табылмағанын айтады.

– Олардың шұжық цехында өнімнің халал стандарттарына сәйкестігін анықтайтын инспектор жұмыс жасайды. Шикізат жергілікті ет өндірушілердікі. Мал етінің халал, санитарлық талаптарға сай дайындалатынын арнайы мамандар куәландырады. Сондықтан, «Бақара» сауда белгісінің халал стандарттары талаптарына сәйкестігіне толық сенімдімін, - дейді аудан әкімі.

Ал, «Бақара» шұжықтарының көп жылдан бергі тұтынушысы, «Ақмола» қайырымдылық мекемесінің директоры Байдаулет Байатардың пікірінше, «Астана агропродукт» компаниясының өнімі өңірдегі ғана емес, отандық нарықтағы халал талаптарына толық сәйкес келеді екен

– Біз олардың өнімдеріне тапсырыс бермес бұрын, өндірісті өз көзімізбен көріп, жасалатын жұмыстардың халал талаптарына сәйкестігіне көз жеткізгенбіз. Мұндай тазалықты және сәйкестікті басқа жерден табу қиын, сондықтан мен «Бақараға» таңылған айыпты жала деп білемін, - дейді Байдаулет Байатар.

Айтпақшы, жоғарыда айтылған қоғамдық қор таратқан мәліметтерде шұжықтардың құрамындағы қоспаларды анықтау мақсатында жүргізілген тексерісте 150 түрлі өнімнің тек он төрті ғана халал талабына сәйкес келіп, қалғандарынан шошқа етінің құрамы анықталғаны айтылған болатын.Осы жерде қоғамдық қор өкілдері асығыс мәлімдеме таратқан сыңайлы. Өйткені, тексеруге алынған шұжық өнімдерінің көпшілігі Ресейден тасымалданатын өнімдер болуы мүмкін.

– Халал тақырыбы өте нәзік мәселе, - дейді бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының кеңесшісі Оңғар Дауылбаев, - Себебі, халал стандарттарын тек дайын өнім күйінде анықтауға болмайды. Ол, шикізаттан бастап, жұмыс технологиясының сәйкестігіне дейін анықталады. Сол себептен, отандық өнімдердің талапқа сәйкестігі тасымалданатын өнімдерге қарағанда жоғары әрі сенімді.

Сондай-ақ, халал стандарттарына қатысты өз пікірін білдірген Қазақстан Мұсылмандары дініи білестігі жанындағы халал стандарттары бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдинов:

– Бұл мәселеге бір жақты қарауға болмайды. Қазір елімізде өнімнің толықтай талапқа сәйкестігін анықтайтындай стандарттар әлі де жоқ. ҚМДБ осыны қолға алып жатыр, жақын күндері ол жүйе қолданысқа енгізіледі. Сол кезде біздің аймақтардағы өкіл имамдарымыздың қатысуымен халал өнімдердің қаншалықты талапқа сай екендігіне көз жеткізіп, кепілдік беретін боламыз.

Анықтама үшін:

«Халал» термині қазақ тіліне аударғанда «рұқсат етілген», «тыйым салынбаған», «мақұлданған» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ «халал» - «шариғат бойынша жасауға болады» деген нақты діни үкімнің атауы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411