Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2544 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 06:26

Қызылорда облысында тамақтан уланған 138 адамның 20-сы ауруханадан шықты

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек елді мекенінде тамақтан уланған 138 адамның 20-сы сауығып, жексенбі күні стационардан шығарылды, сауыққандардың үшеуі - балалар, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

«16 мамыр 19 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша, 20 адам ауруханадан шығарылды, оның үшеуі - балалар. Ауруханада 118 адам қалып отыр, олардың 15-і - балалар. Сырқаттардың ахуалы қанағаттанарлық», - деп хабарлайды ведомство облыстың жедел әрекет етуші күштері ТЖМ РДО-ға хабарлаған мәліметтерді негізге ала отырып.

Бұрын хабарланғандай, Тереңөзекте берілген астан кейін адамдар жаппай уланған. Тамақтан уланды деген диагнозбен алғашқы жеті адам 9 мамырда ауруханаға жатқызылды. 10-11 мамырда тағы 39 адам ауруханаға жеткізілді (8-і - балалар).

12 мамыр күні сағат 20 шамасында Сырдария аудандық ауруханасына 46 адам (9-ы бала), Жалағаш аудандық ауруханасына 2 адам жатқызылды. 13 мамыр күні сағат 14-те Сырдария аудандық ауруханасына 18 адам, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 22 адам жатқызылды. 13 мамырда сағат 19-да Сырдария аудандық ауруханасына тағы 4 адам жатқызылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454