Алашорда. БАУКЕҢНІҢ МАУЗЕРІ
Тараз қаласындағы Достық алаңына Бәйдібек бабамыздың ескерткіші қойыл¬ған. Осы ескерткіштің қарсы ал¬дын¬да облыстық тарихи-өлкетану му¬зейі бар. Ол құрылғалы оның қабырғасына талайлар келіп, талайлар кеткен шығар, бірақ музей қызметкерлерінің айтуына қарағанда тарих көшінен там-тұмдап жәдігер жинаған осы қара¬ша¬ңыраққа ер Баукең ат басын жиі бұрып тұрған екен. Оны осындағы Баукеңнің болашаққа аманаттаған мұралары дәлелдейді. Көзіме әуелі шыны жәшік ішіндегі халық батырының маузері оттай басылды. Өйткені Кеңес өкіметінің тәлім-тәрбиесімен өскен ұрпақтар балалық шағында маузер ұстаған қызыл командирлерге еліктеп өскені жасырын емес.
Ғылыми қызметкерден өтініп, Баукең ұстаған маузерді қолыма алдым. Оқшантайы тұратын жеріне "Маузер полковника Бауыржана Момыш-улы" деп жазылыпты. Қашан жазылғаны, кім жаздырғаны көрсетілмеген. Ойымша кейінгі жылдары жазылған сияқты. Өйткені Баукеңнің аты-жөнін орыстілділер ертеректе "Баурджан Момыш-улы" деп жазатын. Маузерде одан кейін "WAFFEABRІK MAUSER D.R. P. U.A.P" деген таңба мен 5901 деген сан көрсетілген. Соңғысы маузердің нөмірі.
Тараз қаласындағы Достық алаңына Бәйдібек бабамыздың ескерткіші қойыл¬ған. Осы ескерткіштің қарсы ал¬дын¬да облыстық тарихи-өлкетану му¬зейі бар. Ол құрылғалы оның қабырғасына талайлар келіп, талайлар кеткен шығар, бірақ музей қызметкерлерінің айтуына қарағанда тарих көшінен там-тұмдап жәдігер жинаған осы қара¬ша¬ңыраққа ер Баукең ат басын жиі бұрып тұрған екен. Оны осындағы Баукеңнің болашаққа аманаттаған мұралары дәлелдейді. Көзіме әуелі шыны жәшік ішіндегі халық батырының маузері оттай басылды. Өйткені Кеңес өкіметінің тәлім-тәрбиесімен өскен ұрпақтар балалық шағында маузер ұстаған қызыл командирлерге еліктеп өскені жасырын емес.
Ғылыми қызметкерден өтініп, Баукең ұстаған маузерді қолыма алдым. Оқшантайы тұратын жеріне "Маузер полковника Бауыржана Момыш-улы" деп жазылыпты. Қашан жазылғаны, кім жаздырғаны көрсетілмеген. Ойымша кейінгі жылдары жазылған сияқты. Өйткені Баукеңнің аты-жөнін орыстілділер ертеректе "Баурджан Момыш-улы" деп жазатын. Маузерде одан кейін "WAFFEABRІK MAUSER D.R. P. U.A.P" деген таңба мен 5901 деген сан көрсетілген. Соңғысы маузердің нөмірі.
Соғыс жылдарында қылышынан кейін жансерігіне айналған (портсигар, қағаз-қалам, т. б. айтпағанда) маузерді ер Баукең Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1967 жылы тапсырыпты. Бұл кезде ағамыз 57 жаста. Батырдың құнды мұрасын қабылдап алған Анатолий Павлович Попов деген музейдің сол кездегі ғылыми қызметкері: "6/VІІІ-67 г. Получил А. П. Попов. Маузер - именные оружие гвардий полковника Панфиловской двизий Бауыржана Момышулы. (в футляре)" деп, музейдің 1965 жылы 18 маусымында ашылған қабылдау кітабына 2662 нөмірмен тіркепті.
Майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" атты роман-диалогынан да Баукеңнің маузері туралы дерек пен дәйекке кез болғаным бар-ды. Мұндағы маузерді суретке түсіріп, белгілерін қағазға түртіп алғаннан кейін дереу жұмыс бөлмеме келіп роман-диалогтағы әлгі беттерді іздейін. Белгілеп қойған екем, бірден таптым. Роман-диалогтан үзінді:
"Автор. Одан кейін 1943 жылы Талғар полкының құрылғанына екі жыл толғанын атап өтіпсіздер ғой, Бауке. Онда Сізге қарулас достарыңыз 173825-нөмірлі маузер сыйлаған көрінеді.
Бауыржан. Оны кім айтты саған? Номерін қайдан білесің?
Автор. Менің архивтен алған материалдарымның ішінде мынандай бір документ бар. Рұқсат етсеңіз оқып берейін.
Бауыржан. Оқығын.
Автор. Бұл 19-шы гвардиялық атқыштар полкы 1943 жылы сізге берген №28 куәлік. Онда былай делінген.
"КУӘЛІК
Берілді гвардия полковнигі Бауыржан Момыш¬ұлына, себебі 19-шы гвардиялық атқыштар полкының құрылғанына екі жыл толған күні оған сыйлыққа: "Талғар полкының екі жылдығы күні гвардия полковнигі Б. Момышұлына. 19-шы гв. атқыштар полкының ардагер офицерлерінен. 25.7.43 ж." деген жазуы бар 173825 номерлі маузер тапсырылды.
гв. майоры КУРГАНСКИЙ".
- Дұрыс па, Бауке?
Бауыржан. Иә, Д. Курганский осы полктың алғаш негізін қалаған байырғы командирлердің бірі еді. Соғысқа дейінгі мамандығы агроном болатын. Бұл жаужүрек азамат алғашында рота, батальон командирі, кейіннен менде полк штабының бастығы болды. Өрттей лаулап тұрған өжет Курганскийдің талай ерлігіне, адамгершілігіне сүйсінген едім. Кейін менде ол 19-шы гвардиялық полктың командирі болып тағайындалды".
Баукең ары қарай Курганскийдің ерлікпен қаза тапқанын айтып: "Бауыржан, сен басқарған, сенің туған жеріңде жасақталған Талғар полкының атағына кір келтірмеуге мен саған ант етемін!" деген сөзін еске алып "есіл ерім-ай!" деп талай егіліп алдым дейді.
Соғыс жылдарында ерлік үлгілері де, оны қайталаушы жанкештілер де көп болғаны белгілі. Мысалы, Матросовтың, Талалихиннің, Гастеллоның (кейіннен ол Гастеллоның емес, оның полктас досы капитан Александр Масловтың ерлігі болып шыққаны анықталды) ерлігін жүзден астам жауынгерлер қайталаса да, ал панфиловшылардың ерлігін ешкім қайталай алған жоқ.
Біздің әңгімемізге қатысты сауалды Әз-аға сұхбаттың қаға берісінде:
- Ол маузеріңіз қайда қазір, Бауке? - деп ақырындап қана жеткізеді.
- Музейде.
Баукең сауалды жақтырмағандай теріс қарайды. Батырдың жақтырмағанын Әз-аға да сезеді. "Майдандас достарын есіне алып, жаны күйзеліп отырғанда: "Ол маузеріңіз қайда?" дегенім орынсыз болды-ау" деп ыңғайсызданады. Бұл, әрине, ары таза, адамгершілігі мол, адам баласына қылдай қиянаты жоқ қаламгер ретіндегі Әз-ағаның өз ойы шығар. Ал бүгінгі ұрпақ жазушыны сол сәтте Баукеңе дұрыс сұ¬рақ берді деп ойлайды. Неге? Өйткені маузер туралы әң¬гіме болмаса, роман-диалог қаншама құнды дерек¬тер мен дәйектерден айырылар еді. Әсіресе, Д.Кур¬ганский ерлігі, Талғар полкы жауынгерлерінің жау¬жү¬ректігі бүгінгі ұрпаққа жетер ме еді, жетпес пе еді?..
Баукеңнің Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жиі бас сұғатынының белгісі - оның әр жылдары сыйға тартқан кітаптары. 1956 жылы Калинин қаласындағы кітап баспасынан жарық көрген "Наша семья" атты еңбегін 1964 жылы мұқабасының бетіне "Джамбулскому областному музею. Б.Момыш-улы" деп қол қойып ұсыныпты. Ол кездегі саясатты да, баспаларды да қазіргі кезбен салыстыруға болмайды. Кітаптың ішкі бетіне "От издательство" депті де "Книга Баурджана Момыш-улы "Наша семья" написана автором на русском языке. Разумеется, что один уже этот факт показывает высокий уровень культурного развития казахского народа, безграмотность которого до Великой Октябрьской социалистической революций состовляла 90%" деп, ары қарай "термелепті".
Екінші сыйлығы - Александар Бектің атақты кітабының аудармасы. Ол Мәскеудің шетел тілдері әдебиеті баспасынан жарық көріпті. Баукең бұл кітаптың мұқабасына да үйреншікті қолын қойып, "65 г." деп көрсетіпті. Үшінші сыйлаған кітабы - "Генерал Панфиловтың" екінші басылымы. "Қазақстан" баспасы. Алматы-1966. Музейге тапсырған күні - 28/VІІ-67 жыл.
Дегенмен, көңілде бір өкініш табы қалғандай. Оның сыры - "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогында айтылған батыр маузерінің нөмірі Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сыйға тартылған маузермен дәл келмеуінде болып тұр. Сонда қарулас достары мен гвардия майоры Курганский 1943 жылы сыйлаған 173825-нөмірлі маузер қайда? Баукең "музейде" дегенде, қай музейді айтты? Алматы қаласындағы музей ме, әлде басқа өңірлердегі музейлер ме? Әз-аға батыр маузері жайлы деректі қай архивтен тапты? Әлде батырдың екі маузері болған ба? Сауал көп.
Жол мұраты - жету. Журналист жұмысының табысты болуы да жолға жиі шығуына байланысты. Оның үстіне қазақтың "жүргенге жөргем ілінеді" дегені бар. Жеңістің 65 жылдығына байланысты күнделікті қым-қуыт тірліктен басқа тағы бір жауапты тапсырма төбе көрсеткендей. Несі бар, "бір жоқты бір жоқ табады" деген, көп ұзамай батырдың 173825 нөмірлі маузерінің де дерегі табылып қалар.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
«Етжеңді» Егемен», 28 Сәуір 2010 жыл