Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6269 0 пікір 22 Қазан, 2014 сағат 12:23

АСТАНА ӘКІМІ – ЖАҚСЫБЕКОВ

Биліктегі ауыс-түйіс одан әрі жалғасып жатыр. Мемлекеттік хатшы қызметіне кіріскеніне көп бола қоймаған Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Ресейдегі елші, Қорғаныс министрі сынды қызметтерді атқарған Жақсыбеков ЭКСПО 2017- ге қызу дайындалып жатқан Астананы басқару келді. Бұған дейін Әділбек Рыскелдіұлы 1997-2003 жылдары аралығында Астана қаласын алты басқарған еді.

Ел тыныш болсын!

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрілі ауылында туған.

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған,

1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.

1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.

1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.

1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.

2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - сыйласымдылық.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды таяу арада әлемдік қауымдастық мүшелігіне сай, жоғары дамыған, зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде көремін».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі

Хоббиі - спорт (футбол, теннис).

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Ләззат (1955 жылы туған), экономист. Ұлы - Дәурен (1978 жылы туған).[2][3]

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347