Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5062 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:46

Әндіжан оқиғасының түп-төркіні неде?

Өзбектің Әндіжан аймағы тағы бір рет толқып барып басылды. «Басылды» деу – ертерек болар. Ол маңдағы тірлік әлі де қоламталанып жатқаны белгілі. Дегенмен өзбек билігі «Әндіжан және оның маңындағы елді мекендер тыныш. Ешқандай дүрбелең жоқ» дегенді айтады. Алайда Өзбекстанның Бас прокуроры Әндіжанда болған жарылысты растады. Сондай-ақ жарылысты жасаған «камикадзе» яғни белгісіз жанкешті деп тапты. Жарылыстың кесірінен бір милиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланған (Бейресми ақпарат көздері қаза тапқандар жеті адам деп көрсетті). Сонымен қатар Өзбекстан прокуратурасының өкілі «содырлардың бәрі көрші жатқан қырғыз елінен келгендер» деген мәлімдеме таратты. Бір ескерте кетер мәселе, 25 мамырдан 26 мамырға қараған түні өзбек пен қырғыз шекарасында орналасқан «Ханабад» кедендік бекетте жарылыс болған. Сондай-ақ белгісіз адамдар аталмыш елді мекендегі милиция және қауіпсіздік қызметі орналасқан ғимаратқа қарулы шабуыл жасады. Атыс біраз уақытқа созылған. Артынша белгісіз топ (дерек көздері 20-ға жуық адамнан тұрады деп көрсетуде) ізін жасырып үлгерген. Ертесінде. яғни 26 мамыр күні сағат 14. 00-де Әндіжан орталығында тағы бір жарылыс болған. Қазір Әндіжан мен Ханабад (кезінде АҚШ әскери базасы осы елді мекенде орналасқан болатын) қалаларына әскери техника мен арнаулы бөлімдер кіргізілді. Өзбек-қырғыз шекарасы тарс жабылды.

Өзбектің Әндіжан аймағы тағы бір рет толқып барып басылды. «Басылды» деу – ертерек болар. Ол маңдағы тірлік әлі де қоламталанып жатқаны белгілі. Дегенмен өзбек билігі «Әндіжан және оның маңындағы елді мекендер тыныш. Ешқандай дүрбелең жоқ» дегенді айтады. Алайда Өзбекстанның Бас прокуроры Әндіжанда болған жарылысты растады. Сондай-ақ жарылысты жасаған «камикадзе» яғни белгісіз жанкешті деп тапты. Жарылыстың кесірінен бір милиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланған (Бейресми ақпарат көздері қаза тапқандар жеті адам деп көрсетті). Сонымен қатар Өзбекстан прокуратурасының өкілі «содырлардың бәрі көрші жатқан қырғыз елінен келгендер» деген мәлімдеме таратты. Бір ескерте кетер мәселе, 25 мамырдан 26 мамырға қараған түні өзбек пен қырғыз шекарасында орналасқан «Ханабад» кедендік бекетте жарылыс болған. Сондай-ақ белгісіз адамдар аталмыш елді мекендегі милиция және қауіпсіздік қызметі орналасқан ғимаратқа қарулы шабуыл жасады. Атыс біраз уақытқа созылған. Артынша белгісіз топ (дерек көздері 20-ға жуық адамнан тұрады деп көрсетуде) ізін жасырып үлгерген. Ертесінде. яғни 26 мамыр күні сағат 14. 00-де Әндіжан орталығында тағы бір жарылыс болған. Қазір Әндіжан мен Ханабад (кезінде АҚШ әскери базасы осы елді мекенде орналасқан болатын) қалаларына әскери техника мен арнаулы бөлімдер кіргізілді. Өзбек-қырғыз шекарасы тарс жабылды. Барлық жүргіншілер мен көліктер қатаң тексерілуде. Қазір Өзбекстан тарапынан арнаулы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын тексеруде. Мәселе, «жарылыс пен қарулы қақтығыстың артында кім тұр, осыдан төрт жыл бұрын болған оқиға неге қайталана жаздады?» деген сұрақ.
Әндіжан – 2005 жыл, 13 мамыр
Әндіжанда кешегі болған жағ¬дайды сөз етпей тұрып, осы¬дан төрт жыл бұрын осы шаһарда орын алған қанды қырғынды тағы бір еске түсіре кеткен жөн болар. 2005 жылы 13 мамыр күні Әнді¬жан¬да қарулы топ әскери бөлімге то¬сыннан шабуыл жасап, көп¬те¬ген қару-жарақты қолға түсірді. Со¬сын түрмеге тап беріп, онда жат¬қандарды босатып жіберді. Ар¬тынша қаланың орталығын жә¬не облыстық әкімшілік ғима¬ра¬тын басып алды. Арнайы ұйым¬дастырылмаған жабайы ми¬тин¬гіге Әндіжанның 30 мыңға таяу тұрғыны қатысты. Алайда ресми Ташкент оқиғаның өзге де қала¬лар¬да жалғасып кетпеуінің ама¬лын іздестіріп, көтерілісті әскер¬дің күшімен басты. Бейбіт тұр¬ғын¬дар оққа ұшты. Ресми ақпарат көз¬дері «көтерілісті жаншып тас¬тау кезінде 181 адам қаза тапты» де¬генді келтіреді. Алайда тәуелсіз құ¬қық қорғаушылар « 700-дей адам оққа ұшты, оның көбі әйел¬дер мен балалар» деседі. Каримов билігі Әндіжанда болған оқиғаны әшкерелеп «бұл мемлекетті тұ¬рақ¬сыздыққа алып келуге ты¬рыс¬қан экстремистік топтардың әре¬кеті» деп мәлімдеді. Сондай-ақ «мұн¬да билікті тақтан құлатуға ар¬налған шетелдік арнайы барлау қыз¬меттерінің араласы бар» де¬генді де қосты. Батыс «бейбіт тұр¬ғындарды жазықсыз оққа бай¬ла¬дың» деп, Ташкенттен теріс ай¬нал¬ды. Қысым жасалды. Оқи¬ға¬ның анық-қанығын тексеру үшін тәуелсіз сарапшыларды елге ен¬гізуін сұрады. Алайда Ташкент Батыстың айтқанына көнгісі кел¬меді. Мәскеу алашапанды¬лар¬ды жақтады. «Әндіжанда бол¬ған оқиға лаңкес, экстремистік топ¬тардың әрекеті» деп Каримов би¬лігін қорғады. Ташкент Мәс¬кеу¬дің қалқасына тығылды. Крем¬льдің айтақтауымен Ислам-ака «стратегиялық әріптеспіз» деп жүр¬ген АҚШ-тан бас тартты. «Ха¬набадта» тұрған ол елдің әс¬кери базасын жапты. Өз кезегінде Ва¬шингтон Өзбекстанға эко¬но¬ми¬калық қысым жасады. Қару-жа¬рақ әкелуге эмбарго жария¬ла¬ды. Қаримовтан бастап өзбектің ресми биліктегі бас¬шыларының шетел¬ге баруына тыйым салды. Таш¬кент амалсыздан 2001 жылы құ¬ра¬мынан шыққан ТМД-ның Ұжым¬дық қауіпсіздік шарты ұйы¬мына және Еуразиялық эко¬номикалық қауымдастыққа қай¬та енді. Осылайша Батыстың қы¬сымынан жан сауғалады. Деген¬мен 2008 жылдан бастап Батыс пен Өзбекстан арасында жылы¬мық орнады. Барыс-келіс көбей¬ді. Вашингтон Ташкентке, Таш¬кент Вашингтонға оң қабақ та¬нытты.
Бұл енді өткен оқиға. Ал 26 ма¬мыр күнгі Әндіжандағы тосын жағ¬дайға оралар болсақ, қыл¬мыс¬тық топтардың тартысы ма, әл¬де экстремистік топтардың әре¬кеті ме, әзірге белгісіз.
Әндіжан – 2009 жыл, 26 мамыр
Соңғы жылдары көктем сайын өзбек билігі шала бүлінетін болды. Оған себепші – Әндіжан оқиғасы. Содан болар, әр көктем сайын елді мекендерде, соның ішін¬де, Әндіжан облысында ми¬лиция қызметкерлері төтенше жағ¬дайға көшіріліп, әр қалт еткен жағ¬дайды, сыбыр еткен сыбысты аң¬дып отыратын болды. Биыл да солай. Дегенмен «экстремистік топ¬тар Әндіжан оқиғасының бес жылдығына орай тағы бір бүлік шы¬ғаруы мүмкін-ау» деген оймен билік осы маңға екі арнайы құры¬лым бөлімдерін енгізген. Олардың жұ¬мысы діни, экстремистік топ¬тар¬ды залалсыздандыру болатын. Де¬генмен олар да оқиғаның Ха¬на¬бад қаласында болатынын күт¬песе керек. Тағы бір назар ау¬дара¬тын мәселе, Өзбекстанда осын¬дай жағдай болып жатқан тұста, Тә¬жікстанда да сырт көзге тосын кө¬¬рі¬нетін оқиға орын алды. Тә¬жік¬¬тің Ішкі істер бөлімдерінің ар¬наулы құрылымдары елдің шығыс ай¬мағына жеткізіліп, арнайы опе¬ра¬ция өткізе бастады. Ресми Ду¬шанбе бұл жайды «апиын өсі¬ре¬тін алқаптарды іздеп тауып, жою» дегенімен, шындық арыда жат¬са керек. Ол осы маңда жасы¬рынып жүрген экстремистік топ¬тарды құртуға бағытталған. Көр¬ші екі елдің де бір уақытта іс-қи¬мыл жасауының артында үлкен се¬беп жатқан секілді. Қазір Әнді¬жан мен Ханабадта болған оқи¬ға¬лар жөнінде әркім әртүрлі бол¬жам¬дар айтуда.
Біріншісі, бұл Орталық Азия¬да, соның ішінде Өзбекстанда, қыр¬ғыз елінің Жалалабад облы¬сын¬да және Тәжікстанның осы елдермен шекаралас аймақта¬рын¬да орын тепкен радикалды ис¬ламдық ұйымдардың, яғни Өз¬бекстан Ислам қозғалысы және «Хизб-ут-Тахрир» ұйымдарының әре¬кеті деседі. Олардың басты мақ¬саты – Фергана өңірінде ис¬лам мемлекетін құру.
Екіншісі, қазір Өзбекстан хал¬қы 27 миллионның ар жақ, бер жа¬ғында. Тұрмыстың төмендігі оған әлемдік қаржы және эконо¬ми¬калық дағдарыстың әсер етуі, бұл ел тұрғындарын жағдайы әл¬де¬қайда жоғары көрші жатқан Қа¬зақстан мен Ресейге жұмыс із¬деп қаңғыруына әкеліп соқтыру¬да. Соның ішінде Ферғана алқа¬бында халықтың тығыздығы тым жоғары. Демек, биліктің жүргізіп отырған саясатына наразы жұрт¬тың текетіресі, ең бірінші осы жер¬де белең алуы мүмкін. Бұл со¬ның алғашқы көріністері болуы ық¬тимал.
Үшінші, Әндіжандағы оқиға «Ре¬сейдің ықпалымен болуы мүм¬кін» деседі кейбір болжамдар. Дау¬дың басы Ресейдің Орталық Азия¬дағы энергия көздері мен су ре¬сурстарын бөлуге араласуында жатуы мүмкін. Өйткені Ресей Өз¬бек¬станмен санаспай, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасына қуат¬ты электр стансаларын салу¬ға көмек және қаржы беруі суға шө¬ліркеп отырған Ташкентке ұна¬майды. «Егер сен қырғыз бен тә¬ж¬ікке көмек берсең, мен онда сен Орталық Азиядан қалай қуып шыға алмай отырған АҚШ-қа көмек беремін. Сонда көремін әуселеңді» деген Ташкент Ресей¬дің қысымымен өз жерінде орна¬лас¬қан АҚШ әскери базасын жауып жатқан қырғызға қарама-қарсы позиция ұстанып, АҚШ-қа «Навои» әуежайын пайда¬лану¬ға берді. Енді ол жерден АҚШ Ауғанстанда іс-қимыл жү𬬬гізіп жатқан коалиция күш¬тері¬не жүк жеткізе алады. Тіпті АҚШ түпкілікті сол аймақта ор¬нығып қалуы ықтимал. Онда Ре¬сей¬дің осы аймақтағы ықпалына нұқ¬сан келері сөзсіз. Демек, Мәс¬кеу осының бәрін шотқа қағып жі¬беріп, Өзбекстандағы билікке нара¬зылығы басым өңірде бүлік жа¬сап, Ташкенттің оны 2005 жыл¬ғыдай аяусыз басып жаншуын кү¬тері хақ. Егер жағдай ойла¬ған¬дай болса, бүгін жылы қабақ та¬ныт¬қан Батыс тағы да өзбек билі¬гін қырына алмақ. Сол кезде Мәс¬¬кеу қайтадан Ташкентті өз ы¬ғына алуға тырысуы мүмкін де¬ген¬ де болжам бар. Әрине, мұның бәрі жер-жерде айтылып жатқан бол¬жамдар. Әндіжанда болған оқи¬ғаның анық-қанығы уақыт өте келе белгілі болары сөзсіз.
Төңкерістің түп қазығы Әндіжан ба?
АҚШ Мемлекеттік департа¬мен¬тінің 2008 жылғы лаңкестік топтар жөнінде жасаған мәлі¬ме¬тінде Орталық Азия жайында да кө¬бірек айтылған. Оның ішінде «Фер¬ғана өңірі түрлі радикалды ис¬ламдық топтардың ошағына ай¬налады» делінген. Өйткені зерт¬теу барысында Қырғызстанда «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының адам¬дары 2006-2008 жылдар аралығында 5 мыңнан 15 мыңға жеткен. Сондай-ақ аталмыш ай¬мақта «Жиһад ислам тобы», «Өз¬бекстанның Ислам қозғалысы» ұйым¬дарының жұмысы жандана бас¬таған. Олар «Шығыс Түркі¬стан ислам қозғалысы» және «әл-Каидамен» қарым-қа¬тынасты жақсартқан. Түпкілікті мақ¬саттары – аймақтағы батыс¬шыл мүдделер мен өзбек билігін ығыс¬тырып тастап, біртұтас ис¬лам халифатын құру. АҚШ Мем¬ле¬кеттік департаментінің мәліме¬ті¬не қарасақ, алдағы уақытта экст¬ремистік топтар тек Өзбек¬стан, Тәжікстан, Қырғызстанда ғана емес, Түрікменстан мен Қа¬зақстанды да қамтымақ. Де¬мек, Орталық Азияда жатқан бес ел ұлттық қауіпсіздікке, мемлекет¬тің тұтастығына қауіп төндіретін жә¬не саяси тұрақсыздыққа алып ке¬ле¬тін топтарға қарсы бірлесе күресу үшін күш біріктіруі тиіс. Ке¬шегі өзбек елінде болған жағ¬дай ертең кез келген өзге елде бұрқ ете түсуі әбден мүмкін.
Бет қатталып жатқанда:
Өзбектің uznews.net ақпарат көзі Әндіжаннан алған деректерді алға тарта отырып, Ханабад пен Әндіжанда болған оқиғадан 16 адам қаза тапқанын, олардың денесі Әндіжандағы мәйітханаға жеткізілгенін хабарлайды. Сондай-ақ Ханабад пен Әндіжанда болған атыс пен жарылысты «Ислам жиһады» ұйымы өз мойнына алды.

 

 

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290