Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5098 0 пікір 8 Қазан, 2014 сағат 09:56

ТҮРКИЯ КОМЕНДАНТТЫҚ САҒАТ ЕНГІЗДІ

 Түркия билігі елде коменданттық сағат орнатты. Басты себеп - күрділердің баскөтеруі кезінде 14 адамның қаза табуы. Сондай-ақ, тағы ондаған адам зардап шеккен деп хабарлайды Associated Press.

Baq.kz-тің жазуынша, коменданттық сағат Диярбакыр, Мардин, Сиирт, Муш, Ван, Батма провинцияларында енгізілген. "Көтерілісшілер тарқауы тиіс. Тарқамайтын болса соңы ауыр жағдайларға алып келуі мүмкін. Күш қолдану жауапсыз қалмайды" деп мәлімдеген Түркияның ішкі істер министрі Эфкан Ала.
6 қазан күні басталған наразылық шерулерінің салдарынан көптеген дүкендер тоналып, полиция өкілдері зардап шекті. Көтерілісшілер тәртіп сақшыларына тас, шөлмектер және өзге де қатты заттар лақтырған. Полицейлер болса оларға қарсы жасаурататын газ бен су қолдануда.
Кеше 100-ге жуық күрді азаматы Брюссельдегі Еуропарламенттің ғимаратына басып кіріп, Еуроодақ елдерін "Ислам мемлекетіне" қарсы белсенді күресуін талап етті. Сонымен қатар, күрділер 6 қазан күні Нидерландының Гаага қаласында да бас көтерген. Олар: "Кобани қаласына қолдау көрсетіңдер" деп ұрандатты. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048