Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5848 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 15:17

АҚШ Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды

АҚШ Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын жеткізді

АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды, деп мәлімдеді дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу қорытындысы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Джон Керри сондай-ақ АҚШ-тың "Қазақстанның  егемендігін, аумақтық тұтастығы мен әлемдік аренада өсіп келе жатқан көшбасшылық рөлін " қолдайтынын айтқан.

Ыдырысов Джон Керриге өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар шегуге ресми шақыруды табыстап, жалпы америкалық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға шақырды.

Кездесу БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өтті.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1065
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706