Жалал-Абадтағы атыста жарақат алғандардың саны 52-г жетті, екеуі қаза тапты
Бішкек. 19 мамыр. ҚазТАГ - Жалал-Абадта митингке шыққандар мен күш құрылым өкілдерінің қақтығысы кезінде 51 адам жарақат алды, екеуі қару оғынан қаза тапты, деп мәлім етті денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Елена Баялинова.
ҚазТАГ тілшісінің ақпаратына сәйкес, қақтығысты реттеу үшін қалаға ішкі істер министрінің м.а. Бақтыбек Алымбеков келді.
Ал Қырғызстанның уақытша үкіметі болған оқиғаға байланысты мәлімдеме таратты, оған сәйкес, «құрылымды бұзушы элементтердің бүгінгі әрекеттерін Бішкекте, Ошта, Жалал-Абадта биыл 12, 13, 14 мамыр күндері «бәкиевтік» күштердің әрекеттерімен» байланыстыратыны айтылған.
Уақытша үкімет Қырғызстан азаматтарын «ақылға салып, арандатуларға берілмеуге» шақырды. «Елдің жаңа билігі қақтығысты реттеу және оқшаулау үшін барлық күш пен құралға ие. Жалал-Абадқа күш құрылымдарға басшылық ететін үкімет мүшелері аттандырылды. Коменданттық сағат және басқа да шектеулерді енгізудің орындылығы қарастырылып жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, уақытша үкімет Жалал-Абадтағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандарға «құрылымды бұзушылық әрекетті» тоқтату туралы талап қойды.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Жалал-Абадта халықтар достығы университетінің ауданында атыс болды. Оқиға Жалал-Абад маңында өткен митингтен кейін болған. Оған қатысқан адамдар - басым бөлігі қырғыз ұлтының өкілдері - «Родина» партиясының лидері, жогорку кенештің экс-депутаты, ұлты өзбек Қадыржан Батыровты тәртіпке салуды талап етті.
14 мамырда Жалал-Абадта бұрынғы президент Құрманбек Бәкиевтің үйлері өртелгеннен кейін ол жергілікті теледидар арқылы сөз сөйлеп, «өзбек лидерлері оңтүстікте тәртіп орнатады, тыныштықты сақтау үшін өзбек жастарынан жасақтар ұйымдастырамыз» деп мәлім етті. Мәлімдеме екі күн бойы көрсетілді, бұл қырғыз ұлтының өкілдеріне ұнаған жоқ.
Осыған байланысты митингке шыққандар Қ. Батыровты республиканың оңтүстігінде ұлтаралық қақтығыстарды өршітті деп айыптап, оның адамдары Тейіт ауылында Қ. Бәкиев пен оның отбасының үйлерін неге өртеп жібергенін түсіндіруді талап етті.
Содан кейін олар қалаға, бір бөлігі Қ. Батыровтың иелігіндегі халықтар достығы университетіне қарай қозғалды. Ол кезде университет ғимаратын ішкі әскерлер қоршауға алған болатын.
Митингке қатысқан адамдар университет терезелеріне тас лақтыра бастады. Қоршау жасағандар бұған жауап ретінде ескерту ретінде ауаға оқ атты. Осыдан кейін наразы халық университет ғимаратын өртемек болды. Ал университет терезелерінен атылған автомат дыбысы естілді.