Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3253 1 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: БЕЙНЕ МЕН АУДИОЖАЗУ КЕҢIНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Ұлт жоспарының «Заң үстемдiгiн қамтамасыз ету» деп аталатын екiншi бағытындағы 11-қадамы сот жүйесiн реформалауға қатысты болғандықтан оны жүйелi түрде iске асыруға көңiл бөлiне бастады. Соның iшiнде 16-шы және 26-қадамдарға қатысты тапсырмаларды орындау мақсатында Жоғарғы сот тарапынан Жаңғырту жөнiндегi ұлттық комиссияға бiрқатар ұсыныстар берiлген.

Солардың қатарында 20-қадамда «Барлық сот процестерiне бейне және таспаға жазу шараларын мiндеттi түрде енгiзу. Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкiндiгi болмауы тиiс» деп көрсетiлген.

Қазiргi кезде Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментi барлық процестерге аудиобейнетiркеу (АБТ) жүйесiн енгiзу бойынша тиiстi жұмыстарды жүргiзiп келедi. Бүгiнде 555 сот залы жарақтандырылған. Сондай-ақ, 176 зал бағдарламалық қамту бойынша жаңғыртылған. Жаңа жүйемен сот залдарының жарақтандырылуы республика бойынша 55 пайызды құрайды. Соның iшiнде ОҚО соты бойынша 33 сот залы АБТ-мен қамтылған. Ал, Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң деректерiне қарағанда, Астана мен Алматы қалаларының соттары 100 пайыз осы жүйемен жұмыс iстей бастады. 2015 жылдың соңына дейiн тағы да 372 залды жабдықтау жоспарланып, сонымен қатар ағымдағы жылы қосымша сатып алу және орнату арқылы жергiлiктi соттардың отырыстары залдарының АБТ-мен жарақтандырылу үлесiн 70 пайызға дейiн жеткiзу мәселесi қарастырылуда.

Демек, заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қадамның бiрi барлық сот процестерiне аудиобейнетiркеу жүйесiн енгiзу болып табылады. Алдағы уақытта судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Осы орайда, судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң жазбаны тоқтатуын немесе аудиобейнетiркеу материалдарын редакциялауын болдырмау мақсатында АБТ-ның бағдарламалық қамту жүйесi жетiлдiрiлуде.

Электронды сот өндiрiсiн жаңғырту шеңберiнде департамент онлайн-сервистердi жетiлдiру жұмысын жүргiзiп жатыр. Олардың қатарында «Сот кабинетi» сервисi де бар. Сонымен қатар, қазiр қолданылып жатқан АБТ мәлiметтерi сот органдарының «Бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйесiмен» және «Сот кабинетi» онлайн-сервисiмен бiрiктiрiлген. Аталған сервис сот органдарының онлайн-сервистерi мен қызметтерiне «бiр терезе» қағидаты бойынша қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Т.ОҢҒАРБАЕВ, Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының судьясы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502