Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3066 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 15:41

МОЛДОВИЯ. БИЛІККЕ ҚАРСЫ НАРАЗЫЛЫҚ ӨРШІП БАРАДЫ

 Өткен жексенбіде Молдова астанасында ел президенті Николае Тимофтидің отставкаға кетуін талап еткен митингке қатысушылар саны екінші рет үлкен көрсеткішке жетті. Полицияның мәліметі бойынша, қарсылық акциясына 20 мыңға тарта адам жиналған. 6 қыркүйекте болған шеруге ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 40 мың адам қатысқан. Ал бұл жолы наразылар бір ауыздан резолюция қабылдады. Онда Молдова халқын жаппай шеруге шығуға шақырған. 

Қыркүйектің 6-сына бастап Кишиневтің орталық алаңында күн сайын митингтер өтіп жатыр. Наразылар үкімет ғимараты алдына 300-ге тарта шатыр тіккен. Президентті отставкаға жіберумен бірге демонстранттар елдегі үш коммерциялық банктен қамтамасыз етілмеген несиелер ретінде алынған миллиард еуроны қайтаруды, мемлекеттік институттарды реформалауды, сонымен бірге елде сөз бостандығын қамтамасыз етуді талап етуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475