Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 5643 0 пікір 11 Қыркүйек, 2015 сағат 10:37

АҚИЫҚ АЙДЫН АЙДЫ АРАЛАП САМҒАҒАН

12 қыркүйек – ғарышкердің Жерге қонатын күні

 

Ақсарбас шалдық ұшқанда өзің Айдын-ау,

Ғарышта сенің серігің болды Ай мынау.

Барладың барып бар ғаламшарды сұңқарым,

Ендігі бітсін Жердегі жанжал, қайғы, дау.

 

Ақиық қыран самғаған жердің төсінен,

 (Қадари халқы қалмаған ұлы көшінен).

Үшінші болып ұшқанда ұлттың ұланы

Мәңгілік енді кетпейді жұрттың есінен.

 

Ғарышкер санат,

Қомдады қанат Самұрық,

Қалғандай болды бар әлем байқас аңырып.

Бес жүзінші рет көтерілді көкке зымыран,

Ғарышқа сонау сіңгендей еді таң ұрып.

 

Жетісу жері Жерұйық мекен ертеден,

Жиделібайсын дегендей оған тер төгем.

Жерлесім менің – Айдыным самғап көкке бір,

Атанды ғасыр қаһарманы болып ер-кенен!

 

«Қазғарыштан» ол тұңғыш рет ұшқан қыраным,

Мәңгілік менің таусылмайтындай жыр-әнім.

Алғашқы еді қазақша жазған хұсни хат –

Ғарыштан бізге жіберген сәлем ұланым!

 

Еңбегін ерттеп,

Теңіздер зерттеп зерлеген,

Асау аттай ол атылып шыққан кермеден.

Бұрын да соңды мұндай да шаттық тасқынын

Атам қазағым көнеден бері көрмеген.

 

...Өрекпіп жүрек,

Өршілдеп барып басылмақ,

Азамат бағын ардақты елі асырмақ.

Айдыннан кейін қауласын қазақ-қанаттар,

Жайқалсын жасақ - жасыл бақ!

Тұспа-тұс келген Қазақ хандығының тойына

Шадыман шаттық шашулар енді шашылмақ! 

 

Бақытжан Тобаяқ-тегі

Астана

                        

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440