Сенбі, 23 Қараша 2024
Әкім мен халық 5267 0 пікір 10 Қыркүйек, 2015 сағат 19:33

САУНА-ШОУ: ДӘУЛЕТ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарының әкімдері ұйымдастырған сауна-шоуды журналистерге айтып берген Дәулет Қуанышбаев аштық жариялады. Оның мұндай шешім қабылдауына күштік құрылымдар тарапынан жасалған қысым себеп болған, – деп хабарлайды radiotochka.kz сайты.

Естеріңізге саламыз, Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарының әкімдері Сергей Кулагин, Нұралы Сәдуақасов және Ерік Сұлтановтар 29 тамыз күні Ақмола облысы Зеренді ауылындағы саунаға бүкіл театр труппасын шақырып, сауна-шоу жасағанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Енді күштік құрылымдар осы жайды журналистерге айтып берген Ш.Құсайынов атындағы драмалық театрда қызмет жасайтын әртістің ағасы Дәулет Қуанышбаевтың отбасына қысым жасалынып жатқан көрінеді.  

 "Мен кімдермен қарсы шығып отырғанымды білдім және әділетсіздік пен заңсыздықтан шаршадым», – деп жазады Дәулет Facebook-тегі жеке парақшасына.

 «Қазір менің отбасыма қысым жасалып отыр. Ақмола облыстық ішкі істер басқармасы Атбасар АІІБ арқылы ағам Серік (түпнұсқада осылай жазылған) Қуаншбаевқа бақылау күшейтілді. Сіздер отбасымның басын қатерге тігіп отырған менен «не ойым барлығын» сұрап отырсыздар. Онсыз да осында көп адамдар біздің әкімдер қандай «мүбәрәк» адам екенін, оның келбеті Қостанайдағы шіркеулердің бірінде ілінгенін айтып жатыр. Солай, оның машинасы әлі сақылдап тұр», - дейді ол.  

Дәулет Қуанышбаев өзінің сөзін дәлелдейтін аудио-жазба бар екенін де айтты. Ол ол файлды антикоррупциялық медиа орталыққа өткізген. Оның сөзіне сүйенсек, саунадағы қойылым жайлы театр әртістері де бар шындықты айтуға дайын, бірақ олардың өз талаптары бар көрінеді. Бұл мәселемен айналысатындар әртістерді қорқып-үркітпесе, артынан қысым жасамаса, олар бар шындықты жайып сала алады. Өйткені мұндай  түсініксіз іс-сапарлар бірінші рет болып отырған жоқ.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435