Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3834 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:02

Ильин – шоумен емес, спортшы

Жақында Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өткені белгілі. Ал сол додадан кейін еліміздің 17 жасқа дейінгі зілтеміршілері Тайландтың Чианг-Май қаласына аттанып, әлем чемпионатына қатысқан болатын. Осы додалардың қорытындысын журналистер арқылы халыққа жеткізу үшін кеше еліміздің Ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов Алматыда баспасөз конференциясын өткізді.
– Бүгінде Қазақстан ауыр атлетикасы жоғары деңгейде дамып келеді, – деп бастады Қайрат Болатұлы. – Мәселен, Жеті¬су өңірінде өткен Азия біріншілігінде 4 алтын, 3 қола еншілеп, жалпыкоман¬да¬лық есепте қыздар арасында бірінші орын¬ды, ерлер арасында екінші орынды иемдендік. Тайландтағы жағдайымыз да жаман болған жоқ. Ол жаққа біз 7 қыз, 8 жігітімізді апарып, 1 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен оралдық. Енді келесі айдың 9-ында Румыния астанасына аттанамыз. Онда маусымның 11-і мен 21-і аралығында жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Біздің саңлақтар Бухарестен де олжалы оралатынына сенімдімін.
Айта кетейік, баспасөз мәслихатына федерация президентінен бөлек, ауыр атлетикадан ұлттық құрамамыздың бас бапкері Алексей Ни және жастар құра¬ма¬сының бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов қатысқан болатын. Өз кезегінде Бақыт Бешімбекұлы жігіттердің дайындығына тоқталып, зілтеміршілердің Тай елінде көрсеткен нәтижелеріне де бағасын берді.

– Тайландтың Чианг-Май қаласында өткен әлем біріншілігінде кейбір қыз-жігіттеріміздің қобалжығандары рас. Оның да себебі бар. Өйткені ол жаққа барлығы 15 спортшы апарған болсақ, соның 10-ы ұшаққа өмірінде бірінші рет отырған екен. Бірақ шәкірттерімнің көрсеткен нәтижелеріне ризамын. Жалпы¬командалық есепте жігіттер арасында 4-орынды иемденсек, қызда¬рымыз 9-ор¬ын¬ға тұрақтады. «Арық сөйлеп, семіз шығайын», Бухаресте екі медаль еншілеуді жоспарлап отырмыз. Егер бағы мен бабы қатар шапса, 94 келіде Роман Русиновский және 105 келіде Айбол Алдабергенов топ жаруы тиіс. Сондай-ақ өздеріңіз біле¬сіздер, келесі жылы Сингапурда жастар арасындағы Олимпиада ойындары өтеді. Сол додаға үш лицензия иеленуді мақсат етіп отырмыз. Оның екеуі жігіттерге, ал тағы бір жолдама қыздарымыздың біріне бұйырса деймін.
Бақыт Ахметовтен кейін ұлттық құрамамыздың бас бапкері Алексей Ни сөз алып, Талдықорғанда өткен дүбірлі доданың нәтижелеріне кеңірек тоқталды.
– Азия чемпионатында бізге шахмат ойнағандай тактик болу керек болды. Сондықтан кейбір екінші орын алатын немесе жеңімпаз атануға мүмкіндігі мол спортшыларымызды тізгіндеуге тура келді. Өйткені бізді де аңдып отырған басқа мемлекеттер бар. Мәселен, осы біріншілікте қола жүлдегер атанған Мая Манезаның күміс медальді де жеңіп алуға мүмкіндігі болған. Бірақ ондай жағдайда әлем чемпионатында Манезаның қарсы¬ластары оған қарсы тыңғылықты дайын¬далып, әртүрлі тактикалар ойластырар еді. Міне, осыны ескерген біз кейбір спортшыларымызды жасыруға мәжбүр болдық. Есесіне бұл зілтеміршілер күзде өтетін әлем біріншілігінде ешкім ойламаған жерден топ жарып кетуі ғажап емес, – деп Алексей Ни сөзін қорытындылай беріп еді, осы кезде сөзге араласқан Қайрат Тұрлыханов:
– Алексей Геннадийұлының айтып тұрғаны VADA деген антидопингтік ұйымға да қатысты. Олар біздің елдегі ауыр атлетиканың қарыштап дамығанын байқап, сәт сайын ізімізді аңдумен келеді. Жаттығу жиындарын өткізсек болды, VADA тарапынан тексеріс келе қалады. Солармен-ақ арпалысып өтетін болдық. Көздеріне қатты түсіп қалмау үшін кейде ұлттық құраманың бас бапкері айтып отырғандай әртүрлі тактикаларға да баруға тура келеді, – деді.
Бір сағатқа созылған баспасөз мәслихатында Талдықорғанда өткен Азия чемпионатының барлық шығыны шамамен 135 мың АҚШ долларын құрағаны да белгілі болды.
– Байрақты бәсекені жоғары деңгейде өткізу үшін барымызды салдық. Жан-жақтан демеушілер тарттық. Облыс басшылығы да үлкен көмек берді, – деп бұл жөнінде Қайрат Болатұлы түсініктеме беріп өтті.
Ал Бейжің Олимпиадасының чем¬пионы Илья Ильиннің бүгінде сән әлеміне бет бұрғандығы туралы өз ойларын білдірген мамандар «екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегенді айтумен болды.
– Мен Ильинмен бұл жайында кеңірек отырып әңгімелестім, – деді Алексей Ни. – Ол өз ойын білдірді, мен де ақылымды айттым. Илья батыр бәрін түсінді. Бірақ оған да түсіністікпен қарау керек. Әлбетте, толағай батырымыз – халықтың еркесі, әрі журналистерді жақсы көреді. Сіздерге айтарым, Ильин 15 шілдеге дейін бос болады. Ал одан кейін басқа жігіттер секілді ол да қызу жаттығуға кіріседі. Сөйтіп, оған кешке қарай екі-ақ сағат демалыс беріледі. Дегенмен бұл жайында өз ойымды айтар болсам, Ильинге спортпен қатар, шоу-бизнесті де алып жүру өте қиын болады. Бізге Илья шоумен ретінде емес, спортшы ретінде керек.

Азиз ЖҰМАДІЛ
«Алаш айнасы» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295