Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5849 0 пікір 4 Қыркүйек, 2015 сағат 20:02

"ПСИХ ЕМЕСТІГІМІЗДІ" ОСЫЛАЙ ТЕКСЕРЕ МЕ?.

Ару Алматымыздағы Каблуков көшесінде психикалық ауытқуларға ұшырағандарға арналған аурухана бар деп еститінмін, бірақ оны кім көріпті...
Бірақ сол маңайда "Психикалық сауықтыру орталығы" деген орталық бар екен. Адасып жүріп әрең тапқанымды қайтейін - Каблукова көшесін қопарып тастаған, жабық. Көлікті айдалаға қалдырып, жаяулатып отырып жеттім-ау...
Бүгін сол жерден "псих емес" деген бір жапырақ анықтама алу үшін "псих" бола жаздадым. Анықтама алу үшін 250 теңге төлейді екенсің, мейлі, төлейік деп кассаға келдім. Касса екі темір тордың ар жағында... ұзын-сонар "өшірет"... Тиісті соманы төлеп болып анықтама беретін дәрігердің кабинетіне барасыз... Қаптаған халықты екі кабинетте екі дәрігер қабылдайды екен... Бір кезде екінші кабинеттің босағасында кезек күтіп тұрғандардың бәрі біз жаққа ағылды...
Бұл кабинетте екі дәрігер - бірі компьютерге, журналға тіркеп отырады, екіншісі анықтаманы жазып беріп отырады екен. Ол екеуіне, сол жерде істейтін қызметкерлер болуы керек, екі келіншек кірді де, жырқ-жырқ әңгіме басталды... Мына жақта шыдамы сарқылуға айналған жұрт...
Өздері тағы 4.30.-ға дейін-ақ қабылдайды...
"Псих" емес екенімізді осылай тексере ме екен әлде..

Сәуле Әбділдаханқызы, facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341