Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3665 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 18:42

"САМҰРЫҚТЫҚТАР" 345 МЛН СЫЙАҚЫНЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың басқарма мүшелері өздеріне тағайындалған 345 млн теңге сыйақы туралы шындыққа сай келмейтін ақпараттың БАҚ-та жариялануына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. 

Шараға Қордың Қаржы директоры – басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов пен Қордың адам ресурстарын басқару жөніндегі Бас директоры Дэниель Крюсберг қатысты. «БАҚ-та жарияланған бұл ақпараттар шындыққа сай келмейді. Өйткені, бұл 2013 жылғы жұмыс қорытындысына қатысты мәліметтер. Бұл соманың ішінде жылдық жалақы мен салықтар және өзге де міндетті төлемдер қоса есептелген», — деді Қордың қаржы директоры — басқарма мүшесі Нұрлан Рахметов. 

Естеріңізге саламыз, кеше БАҚ-да "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қорының басқарма басшылары 345 млн теңге сыйақы алғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Қазақстанның қаржы биржасының (KASЕ) ресми тізіміндегі құнды қағаздарды бақылап отыратын КASE ұйымы 2014 жылы «Cамұрық-Қазынаның» басқарма мүшелері 345 468 мың сыйақы алғанын жариялаған еді.

Аталған сайттың мәліметтеріне сүйенсек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының алты мүшесі бар. Олар: Өмірзақ Шүкеев (басқарма басшысы), Елена Бахмутова (басқарма басшысының орынбасары), Дәурен Ердебай (басқарма басшысының орынбасары), Нұрлан Рахметов (қаржы директоры, басқарма мүшесі), Талғат Сәрсенбаев (құқықтық сұрақтар жөніндегі бас директор, басқарма мүшесі) және Берік Бейсенғалиев (бизнесті дамыту жөніндегі бас директор, басқарма мүшесі).

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347