Жексенбі, 8 Маусым 2025
Жаңалықтар 5599 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 18:02

АЙДЫН МІНГЕН ҒАРЫШ КЕМЕСІ АПАТҚА ҰШЫРАЙ ЖАЗДАДЫ

Айдын Айымбетов мінген «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесі 1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранға соғылып қала жаздады, - деп жазады Zakon.kz басылымы НТВ телеарнасына сілтеме жасап.   

«Роскосмостың» хабарлауынша, ғарыш кемесі дін-аман. Ғарыш кемесі 4 қыркүйек күні сағат 10:35 минут кеткенде межеленген станцияға жетеді. Экипаж капитаны Волков жарты жылға ғарышта қалып, Могенсен мен Айымбетов жерге оралады. Айымбетов 12 қыркүйекте жерге қонады деп күтілуде.

Абай-ақпарат

0 пікір