Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:32

Интеграциялық құрылымдардың Қырғызстандағы оқиғаларға қатысты позициясы оларды реформалау қажеттігін көрсетті – Ресей сарапшысы

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. ТМД кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдардың Қырғызстандағы оқиғаларға қатысты позициясы оларды реформалау қажеттігін көрсетті, деп есептейді бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптама орталығының бас директоры Алексей Власов. 

«Қырғызстандағы жағдайдың алдын алу үшін қызмет етуге тиіс интеграциялық құрылымдар аталған елде болып жатқан оқиғаларға ішкі сипаттама берумен ғана шектелді. Бірақ мәселе Қырғызстанның ішкі проблемаларының Қазақстан мен аймақтың ғана емес, бұрынғы кеңестік кеңістік үшін бас ауруына айналғандығында болып отыр», - деді ол жұма күні Н.Назарбаевтың феноменіне арналған еуразиялық сарапшылар форумында.

Сарпшы бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар қызметінің тетіктері тиімсіз екенін, жетілдіруді қажет ететінін атап көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы ескерткен болатын, деді ол. «Қырғызстандағы оқиғалар Қазақстан президентінің пікірі дұрыс болғанын көрсетіп берді», - деді А.Власов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371