Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2599 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:39

Назарбаев өзінің мұрагерін әлі анықтаған жоқ, бірақ ол адам оған адал берілген, ел алдында беделі бар адам болады, деп есептейді ресейлік сарапшы

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Қазақстанның іс басындағы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері оған адал берілген және беделді адам болады, деп есептейді посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процесстерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталықтың бас директоры Алексей Власов. 

«Егер ұлт көшбасшысы позициясы енгізілетін болса, екінші президенттің құзыреті Қазақстанның қазіргі президентіне қарағанда міндетті түрде аздау болады. Мұрагер оған адал берілген және Қазақстанда да, одан тыс жерде де халықаралық беделі бар адам болатыны түсінікті. Және үшіншісі - жақсы мағанасында болжауға келетін, яғни жеке бастық мүдде мемлекет мүддесінен аспайтын адам», - деді ол жұма күні журналистерге Н. Назарбаевтың ерен қабілеттілігіне арналған еуразиялық сарапшылар форумының кулуарында. 

«Қазақстандық элитада осы параметрлерге сәйкес келетін 3-4 адам бар. Бірақ, мен таңдау әлі жасалған жоқ, және ол президент билігін мұрагерге беру туралы шешім қабылдаған соңғы сәтте жасалады деп ойлаймын», - деп есептейді саясаткер.

А. Власов бірқатар сарапшылардың ҚР парламентінің Н. Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесін беруі, оның биліктен кетуінің алғашқы қадамы деген болжаммен келіспейтіндігін білдірді. «Көбі мұны оның биліктен кетуінің белгісі деп айтып жүр. Менің жеке өзім ондай мәлімдеме жасамаған болар едім», - деді ол.

Сарапшы Конституциялық реформалар «ұлт лидері» мәртебесімен аяқталмайды, деп есептейді. «Мен Назарбаевқа ұлт лидерін беру «Ақ Орданың» жалпы жоспардың тек бір бөлігі екеніне терең сенімдімін. Бәлкім бұл жоспар алда мәжілісмендердің мәлімдегенінен мүлдем басқаша дамуы мүмкін. Бұл менімше алдағы жылда анықталатын сияқты», - деп есептейді А. Власов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377