Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 5291 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 10:47

ЕРБОЛ ОРЫНБАЕВ ПРЕЗИДЕНТ КӨМЕКШІЛІГІНЕН БОСАТЫЛДЫ

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Tengrinews.kz жазуынша, оның орнына Мемлекет Басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Талғатұлы Ақышевқа Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі міндетін уақытша атқару жүктелді. Ал, Орынбаевтың қандай қызметке баратыны айтылмаған.

Айта кетейік, Ербол Орынбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі қызметінде 2013 жылдан бері болды. Бұл тағайындауға дейін ол Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып қызмет атқарған, сонымен қатар ел премьер-министрінің кеңсе жетекшісі болып екі мәрте тағайындалған еді. Әр жылдары Орынбаев Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2006-2007 жылдары Президент Әкімшілігінің басшысының орынбасары болды. 2002 жылы республиканың экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі министрінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2499
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5431
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4718