Сенбі, 23 Қараша 2024
Қазақтың тілі 4794 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 10:27

«ОРЫС ТІЛДІ ҚАЗАҚТАРҒА!» ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСАЙЫҚ!


«Обращаюсь к русскоязычным городским казахским патриотам!

То, что вы пока русскоязычные, не комплексуйте. Шынымен ниеттерің болса, үйренесіндер, мен сияқты! Ана тіліміз қанымызда бар! Два миллиона алжирцев погибли в войне с Францией за независимость Алжира 1954-1962 гг, говоря между собой на французском языке. Или, например, сейчас в Украине идет война за независимость, многие бойцы складывают головы за Незалежну Соборну Краину, говоря между собой по-русски. Иман - жүрегімізде! Жүректерің қазақ болса, ана тіліне, діліне ораласыңдар, амандық болса!». Белгілі экономист, ұлт жанашыры Мұхтар Тайжанның осылай деп жазған «Обращайтесь и требуйте обслуживания на казахском языке!» атты үндеуін Abai.kz порталы жариялаған болатын. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желілерде 2000 рет бөлісіліп,  порталдың өзінде 5500 оқылым жинады.

«И Закон на нашей стороне. Есть Закон о языках, и есть Закон о правах потребителя. По этим законам мы, граждане Республики Казахстан, имеем право получать обслуживание на языке обращения. Обращайтесь и требуйте обслуживания на казахском языке! Плевать, что вы пока сами говорите на нем с акцентом. Пол Америки говорит на английском с акцентом. Но это ваш язык, язык ваших отцов, ваших предков! Мы обязаны его защищать», - деген Мұхтар Болатханұлының жанайғайы талайдың ұятын оятып, намысына шоқ басқаны анық. Мінеки күз де келіп, тіршілік жаңа арнасына, қарбаластыққа түспек. Студенттер қалаға ағылып, депутаттар да жұмсақ креслосына келіп сықырлата жайғаспақ. «Тіл заңының» қабылданғанына да міне 26 жылға аяқ басты. Бірақ, мәселе сол майлы, даулы мәселе күйінше жалғасып келе жатыр. Жаңа маусымда депутаттар түк бітірмейтіні анық. Ал, студенттер олар жастар. Олар Мағжан сенген айбаттылар, қайраттылар. Сондықтан да Мұхтар Тайжан оларға үндеу жасап отыр. Тайжанның бастамасын қалай қолдаймыз? Abai.kz ел алдында жүрген жастар өкілдерінің пікірін сұраған еді:

Максим Рожин, қазақ тілді журналист:


Тілдік ахуалға, ең болмаса азаматтық парызым деп есептейтін еліміздің әрбір азаматтың қолдауына ие болатын ұсыныс деп есептеймін. Өзім де көп жағдайда қоғамдық орындарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға тырысамын, өткені өз мемлекетімізден басқа қазақ тілі ешкімге де қажеті жоқ. Сондықтан орыс болсын, кәріс болсын, кім болсын өз елінің басты құндылықтардың бірі - тілдің жақсаруына, ортақ тілімізге айналғанша еңбек еткеніміз абзал. Мұқтаждық болмай, орта қалыптаспайды. Ортаны қалыптастыру біздің мойынымызда!

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі:


Соңғы 15 жылда талай қоғам қайраткері, ақын және жазушы осы ұсынысты түрлі тәсілмен айтуындай-ақ айтты. Яғни жүрген жерде, әсіресе қоғамдық орындарда, xалыққа қызмет көрсету саласында жаппай қазақ тілін талап ету турасында. Қателеспесем тіпті Алматы арнасында осындай бағдарламада болған. Қалалық тілдер басқармасы да осы бағытта "Азамат пікір сайыс клубының" жастарын тартып бірлесіп акция ұйымдастырған. Сол себепті ұсыныс тың дей алмаймын. Десе де орыстың жақсы мақалы бар"все новое это xорошо забытое старое" деген. Сондықтан жаңа леппен шығып отырған бұл бастаманы екі қолды көтеріп қолдаймыз! Өзіміз соңғы 10 жылда жүрген жеріміздің бәрінде қазақ тілін талап етіп жүрміз. Алдыңғы жылы оншақты банктерді аралап ондағы толтыру бланктерін қазақшалауға ықпал еткеніміз бар. Ана тілімізді талап етуде енді орыс тілді қала тұрғындары атсалысып кіріссе нәтиже молырақ болары сөзсіз. Сондықтан тек қана алға! Өз басым қолдаймын!


Ал, сіз қолдайсыз ба? Құрметті оқырман! Қолдасаңыз ісіңізбен дәлелдеңіз!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373