Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 5974 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 09:50

БАСЫН АЛЫП БАСҚАҒА БЕРМЕК

Жаратқан Хақтың құдіреті қандай шексіз болса, ғылым мен білімнің де мүмкіндігі  сол шексіздіктің шегінде өмір сүре бастағандай. Яғни, адам баласының ізденісі мен жасампаздығы да жылдар алға жылжыған сайын жаңа қырынан ашыла түсуде.

«Дерт меңдеген жанға бір қайырымды адам табылып,  қанын беріпті, бүйрегін беріпті», -  дегенді әредік естіп тұрамыз. Әлгіндей кереметті медицина тілі «Донор» деп атайды. Енді, міне, басқа жан үшін басын беруге дайын оқымысты-ғалым туралы әңгіме шыға бастады. Ол – Валерий Спиридонов (суретте). Көп уақыттан бері бұлшық ет атрофиясының зардабын тартып келе жатқан науқас-ғалым хирург Серджио Канавероның қандауырынына қылша мойнын талша төсеп жатуға дайын екендігін мәлім етті. Хирург  Серджио Канавероның талабын дәрігерлер ортасы  әрине, «ақмақтық» , - деп атайтынын жазады The Daily MaiI газеті.

Алайда, басын басқа үшін қиятын жалғыз адам Валерий ғана емес көрінеді.

«Канаверо бірнеше донордың тарапынан ұсыныс алды. Рас, ол донорлар алдымен маған хабарласады, ал, мен қазір ғаламторда танымал адаммын. Сондықтан олар менімен байланысқа шыққан соң артынан Канавероның өзімен тікелей хабарласып жатады», - дейді Валерий Спиридонов.

Таяуда Спиридонов пен Канаверо АҚШ-та дәрігерлер қауымдастығының алдында сөз сөйлеп, өз әрекеттерінің ешқандай да жалаң жарнама, құр атақтың соңындағы ессіздік емес екендігін айтып берді. Отыз жастағы ғалым Спиридонов өзіне әлдебір демеушінің тарапынан 100 млн доллар ұсынылғанын, бірақ, медицина ғылымының жаңа көкжиегі үшін тәуекелге бел буған бұл ондай қаржыдан бас тартқанын да көпшілікке жеткізді.

Алдағы күндері Канаверо медицина қауымдастығының тарапынан рұқсат иеленсе, Спиридоновтың басын алып басқаға «қондырмақшы». Ал, мұндай қиын ота қаншалықты деңгейде мүмкін болады, оны уақыт көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373