Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай.tv 7008 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 08:36

РФ ПРЕЗИДЕНТІНЕ АРНАЛҒАН МАДАҚ ӘН. "ОЛ - ВЛАДИМИР БАЛАСЫ"

Өрікгүл Әділбекова РФ Президенті Владимир Путинге арнап мадақ ән жазды. Әнді нотаға түсіріп, өңдеген Шәміл Әбілтаев. Ш. Әбілтаев Ө. Әділбекованың күйеуі. Бір бірін студент кезінде тапқан өнерлі отбасы. Ш. Әбілтаев күйші, сазгер. Ол алдыңғы жылдарыҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап «Азаттық асуы» әні мен «Қазақстан – Нұрсұлтан» күйін шығарып, Назарбаевтың сөзіне «Шұбарат» әнін жазған болатын. Әбілтаевтың сөзіне қарағанда, әйелі шығарған "Ол - Владимир баласы" атты ән өзіне қатты ұнаған. Композиторлар отбасы мадақ ән РФ Президентіне жеткенін айтады. Енді олар осы ән ВВП-нің алдында шырқалса деген тілекте жүр. Аталған ән  Қазақ гимнін орындайтын әнші Талағат Күзенбаевтың дауысымен таспаға жазылған. Әнші де "Ол - Владимир баласын" Путиннің алдында тербелтсем деген арманда екенін жасырмайды.  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377