Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4446 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 12:21

BRENT МАРКАЛЫ МҰНАЙДЫҢ БАҒАСЫ $46-ҒА АРЗАНДАДЫ

Құрлық аралықтық биржада  (ICE) Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,433%-ға түсіп, барреліне 46,04 долларға саудалануда. Бұл туралы BBC жазды. WTI маркалы мұнай болса 1,13%-ға дейін арзандап, 40,81 доллар деп бағаланды.

Мұнай бағасы сегіз аптадан бері құлдилап арзандай түсуде. Сарапшылар мұнай бағасының 30 долларға дейін арзандау қаупін жоққа шығармайды. Бұл өз кезегінде валюта бағамдарына ықпал етеді. Ресей рубль болса тікелей мұнай бағасымен тұрақтанады.

Естеріңізге салсақ, әлемде болып жатқан экономикалық ауытқулардан Қазақстан валютасы теңге кеше, 20 тамызда 35 пайызға құнсызданды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2856
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4594