ЕЛІМІЗДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ 1,7%-ДЫ ҚҰРАДЫ
Бірінші жартылжылдықта Қазақстанда экономикалық өсім 1,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов мәлім еткен.
ҚазАқпараттың жазуынша: «Әлемдік экономикада қалыптасып отырған ахуалда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық экономиканың өсімі 1,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың артуы үрдісі байқалуда, яғни бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104,4 пайызға жетті. Инвестициялардың осындай оңтайлы қарқыны Қазақстанның экономикалық өсіміне қолдау болады»,-деді ол.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылғы қаңтар-маусымда сыртқы тауар айналым 39,5 млрд. долларды құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға төмендеді. Бұған Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын Ресей мен Қытайда әлемдік сұраныстың төмендеуі сыртқы сауда қарқынына кері ықпал етті.
Абай-ақпарат