Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 7370 0 пікір 19 Тамыз, 2015 сағат 12:00

ТЕҢГЕНІҢ ҚҰНЫ ТАҒЫ ДА ТҮСТІ

Алматы қаласы бойынша «МИГ» ақша айырбастау желісінде сағат 11:30-дағы доллар бағасы теңгеге шаққанда 190,5 теңгеден сатылып жатты. Көп ұзамай бұл бағам 197,5 теңгеге бірақ көтерілді. Ал әлеуметтік желілерде доллардың 196 теңгеден, тіпті 198 теңгеден сатылып жатқаны туралы айтылуда.

«Facebook» желісінде Denis Krivosheyev есімді қолданушы «ККБ - курс 198 тенге за доллар» деп жазса, Abildin Erkebulan  есімді қолданушы «Доллар бағасы өзгерді. Сатып алу - 194; сату - 196. Не айтасыздар, тағы өседі ме екен?», - деп сұрау тастады.

Ақша айырбастау пункттеріндегі бағамдардың көрсеткіштерін жариялап отыратын kurs.kz сайтында ақша айырбаустау пункттерінің денінде доллар бағамының көтерілгенін көруге болады. Доллардың сатылуы 189 теңге деп көрсетілген бірнеше ақша айырбастау орнына Abai.kz тілшісі қоңырау шалып көрді. Олар өкінішке орай өздерінде доллар жоқ екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, кеше ғана бас банкир Келімбетов мемлекет басшысының қабылдауында болып, инфляцияның тұрақты екенін атап өткен болатын.  

Айта кетер болсақ, Мұнай бағасы арзандауын жалғастыруда, кеше ғана Brent-тің құны барреліне $48,55-ге төмендеді. Сондай-ақ, Қазақстанмен сауда қатынасындағы Қытайда соңғы 20 жыл ішіндегі ең ауқымды девальвация болды. Бір апта бұрын Қытайдың Халық банкі юаньді 1,9 пайызға құнсыздандырды. Түркияның орталық банкі де лираның долларға шаққандағы бағамын 10 пайызға құнсыздандырып, бір доллардың 2,65 лира бағамынан, 2,90-ға дейін көтерді. Түркиядағы ақша айырбастау орындарында бір доллар 3 лирадан сатылып жатыр. Ресей рубль де күн санап құнсыздануда. Бүгінгі ресми бағам бойынша ₽65,8289 болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435