Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4644 0 пікір 19 Тамыз, 2015 сағат 10:31

ПЕТРОПАВЛ ПУТИН КЕЛЕДІ ДЕП ҚАРБАЛАСҚА ТҮСТІ

Қызылжарда Ресей президентінің аяғы тиеді-ау деген көшелер ғана қарбалас жөнделіп жатыр. Шаһарда алдағы жылы шекаралас мемлекеттердің форумы өтпек екен.  Бұл туралы КТК арнасы хабарлаған. NUR.KZ-тің жазуынша, Бұл шараға қызу дайындалып жатқан атқамінерлер онсыз да жылда жөнделетін орталық көшелерді қайта жамауда. Салдарынан қалада күні бойы  ұзын-сонар көлік бөгелісі көбейген. Ал, Қызылжардың өзге көшелерінің биылдыққа тіпті шұңқырлары да тегістелмейтін түрі бар.

Петропавлдың орталығында күні бойы қарбалас. Жиектастарды алмастырып жатқан бригаданың соңынан асфальт төсейтін көлік жүреді. Мұншама жолдың  бір мезетте жөндеуге жабылмағанына көп болыпты. Қиылыстағы жағдайды реттеуге шыққан жол сақшысы да машиналарды  өткізіп үлгермей жатыр екен. Бұл орталық көшелер жылда жөнделеді. Кейбірінің шұңқырлары жамалса, өзгелері толығымен былтыр ғана асфальтталған еді. Енді биыл соның үстінен тағы жаңасы жамалып жатыр. Есесіне мына көшеге мұндай техниканың табаны тимегелі бес жыл. Шұңқырларды айналып өтпек болған көлік иелері тіпті қарсы бағытқа шығуға мәжбүр.

Бұндай қызу қарбаластықты Қызылжарда алдағы жылы Қазақстан мен Ресейдің форумы өтеді. Биылғы жөндеу жұмыстары сол шараға дайындық дейді шенеуніктер. “2016 жылы өтетін шекаралас елдердің форумыны байланысты республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл ақша 10 көшені толық жөндеуге жетеді. Ол  жолмен  форум делегаттары жүретін болады. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталуы тиіс”, – деген Петропавл қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы Жақсылық Ақкөзов.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373