Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3640 0 пікір 18 Тамыз, 2015 сағат 18:31

ШЕНЕУНІКТЕР ҰРЛАҒАН 950 МЛН. МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде сот жүйесін «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» ұлт жоспары аясында реформалаушаралары және республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындылары талқыланды. Мемлекет басшысы барлық құқық бұзушылықтарды тіркеу ауыр қылмыстардың санын азайтуға септігін тигізгеніне назар аударды.

Жоғарғы сот төрағасы республикада сот төрелігін жүзеге асырудың өткен жартыжылдықтағы қорытындылары сапа көрсеткішінің тұрақтылығы мен істі қарау мерзімінің сақталып отырғанын көрсететінін айтты. Республикада шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылған. Елде сотталғандардың саны айтарлықтай қысқарып, ал жасалған экономикалық қылмыстар үшін мемлекетке қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі биыл шамамен 950 миллион теңгені құраған.

Мәми Жоғарғы Сот реформаны жүзеге асыру, соның ішінде үш буынды сот жүйесіне көшу тұрғысынан рет-ретімен жүргізілетін шараларды атқарғанын айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440