Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8561 0 пікір 18 Тамыз, 2015 сағат 17:47

АСТАНАДА БИЫЛ 10 БАЛАБАҚША, 3 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

2015 жылдың соңына дейінелордада 240 орындық 10 балабақша мен 60 орындық жапсаржайды пайдалануға беру жоспарланып отыр, - деп хабарлады Астана қалалық Білім басқармасы. 

Балабақшалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасады:

- Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша;

- Сауран мен № 24 көшенің қиылысындағы 240 орындық балабақша;

- Түркістан-Орынбор - № 25, № 26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша;

- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 1 балабақша;

- Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша;

- Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Ұлпан қысқа көшесініңқиылысындағы 280 орындық балабақша;

- Комсомол кентіндегі Қыз Жібек көшесі мен Баян Сұлу көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша;

- № 23 көшенің аумағында 240 орындық балабақша (Орынбормен № 36 көшенің арасында);

- Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша;

- Көктал-2 кентіндегі 240 орындық санаториялықбалабақша.

Сонымен қатар, № 4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық жапсаржай. 

Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласының Есіл ауданында жаңадан 3600 орындық үш мектеп ашылады.

Бірінші оқу орны – № 77 мектеп–гимназиясы Орынбор көшесінде орналасқан. Екінші мектеп – № 79 мектеп–лицей Е-246 көшесінде.Үшінші – № 81 мектеп–гимназиясы «Astana English School» – жобаланып жатқан «Батығай» тұрғын үй кешенінің аумағында орналасады.

Барлық үш мектеп те 1200 орынға лайықталған.

Бұдан бөлек, 1 қыркүйекке қарай № 26, № 37, № 38 және Хусеин бен Талал көшелерінде құрылысты аяқтау, екінші тоқсанда 1200 орындық мектептің ашылуы жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 2675 орындық үш мектеп пайдалануға беріледі: Сейфуллин көшесі бойында 1100 орындық мектеп, А. Байтұрсынов көшесінде 1200 орындық мектеп, Көктал тұрғын алабында 375 орындық коррекциялық мектеп–интернаты. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443