Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3566 0 пікір 18 Тамыз, 2015 сағат 17:31

Б. БАЙБЕК АЛМАТЫНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРМЕК

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен мегаполис аудандарындағы мәселелер жөнінде жиын өтті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандардың әкімдері қала басшысына жыл басынан бергі істелген жұмыстардың есебін берді. Мегаполис басшысы жиын барысында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін аудан әкімдері мен құрылым бөлімшелерінің жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.

Оның ішінде, отандық құрылымдардың жетекшілеріне қала әкімдігімен бірге аудан аймақтарындағы санитарлық жағдайды нормаға келтіру бар: стихиялық сауда орындарын анықтау және жою жөніндегі іс-шараларды күшейту, рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыстарды жою, жасыл көшеттерді отырғызу жобасын жүзеге асыру. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы әкімімен бірге пәтер иелері кооперативтерінің өзара қатынасын жақсарту, соның ішінде аула ішіндегі алаңдарды ұстау, сонымен қатар, бос жерлерді тиімді пайдалану мен қар еріткіш станциялардың құрылыстарының жобасы пысықталды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113