АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. БЮДЖЕТТІҢ ЕСЕБІНЕ197 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында Талдықорған көлік прокуратурасының ұжымы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөнінде айтарлықтай жұмыстар жүргізді. Әлеуметтік-эконо¬микалық саладағы заңды¬лықты қадағалауды жүзеге асыру барысында проку¬ратура қызметкерлері 8 тексеру жүргізіп, 25 ұс¬ным және 6 наразылық енгізді. Нәтижесінде 14 заңсыз акті бұзылып, өзгертілді. 28 тұлға әкімшілік жауап¬кер¬шілікке тартылып, 29 аза¬мат¬тың құқығы қорғал¬ды. – Біздің қызметкерлер Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясының ма¬ман¬дарын қатыстыру арқы¬лы қарауымыздағы аумақ¬қа орналасқан «ӘТЖК» АҚ және «ҚТЖ ҰК» АҚ филиал¬дары қызметіндегі еңбек заң¬дылықтарының сақ¬талуына тексерулер жүр¬гізді, – деген Талдықорған көлік прокуроры Қанат Сәтімбеков соның нәти¬жесінде 71 қызметкердің арнаулы киіммен қамта¬масыз етілмегені, қызмет¬керлердің еңбек шартында белгіленген жұмыс режи¬мінен тыс ақы төленбей еңбек ету деректері анық-тал¬ғанын айтты. – Анықталған кемші¬ліктер бойынша «ВЖДО» АҚ және Алматы облысы бойынша еңбек инспек¬циясы атына заңдылық-тардың бұзылуы, 448 қыз¬меткердің конс¬титу¬циялық құқықтарын қалпы¬на кел¬тіру және 110 заң бұзушы¬лықты жою туралы ұсыным жіберілді. Бұл актілер қазір қаралу үстінде.
Жалақыны уақтылы төлемеу, сани¬тарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нор¬ма¬ларын сақтамау сияқты құқықбұзу¬шылықтар «ҚТЖ ҰК» АҚ бірқатар филиал¬дарының қызметінде орын алған. Соған байланысты Алматы облысы бойынша ТЖД, көліктегі СЭС, сон¬дай-ақ, өңіріміз бойынша Еңбек инспекциясының алдарына кінәлі тұлғаларды жауапкер¬шілікке тарту туралы мәселе қойылды. Заңдылықтың бұ¬зы-луы ту¬ралы прокура¬тура¬ның ұсы¬ным¬дары бойын¬ша жұмыс беруші 7 кінәлі тұлға тәр¬тіп¬тік жауапқа тартылды, уә¬кілетті органдармен 3 лауа¬зымды тұлға 118 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкер¬шілікке тартылды. Мәселен, жұмыс берушінің кінәсі бойын¬ша жалақыны уақы¬тында берме¬гені, төлемді кешік¬тірілген кезеңге өсім есептеп, төле¬мегені үшін Алтынкөл стан¬сысындағы №62 жол бөлім¬шесінің бас бухгалтері З. Әбделди¬нова әкімшілік жବуап¬қа тартылды. Біз көлік инфрақұрылымы кәсіп¬орын¬дарында салық заңна¬мала¬рының сақта¬луына талдау жүргіздік. Соның қорытын¬дысында Ал¬маты облысы бойынша мем¬лекеттік кіріс департа¬ментіне мемлекеттік бюджетке жал¬пы сомасы 197 млн. теңгеге салық бойын¬ша төленбей келген қара¬жат өндірілді. Сон¬дай-ақ, уәкілетті орган¬дардың әкімшілік заңнама-ларын қол¬дану заңдылық¬тары тексе¬рілді. Арыз бойын¬ша бар¬лығы 12 заңсыз акт бұзылып, өзгертілді. Өңірде заңдылық пен құқық тәр¬тібін күшейту жөнін¬дегі жұмыстар жал¬ғасу¬да,– деп Қанат Сәтім¬беков мән-жай¬ды егжей-тегжейлі баяндап берді.
Шора БАТЫРБАЕВ.
Abai.kz