Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4845 0 пікір 3 Тамыз, 2015 сағат 17:26

АҚОРДАДА КЕҢЕС ӨТТІ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді

 

Мәжіліске сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов және Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты.

Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың назарын әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды.


Нарықтағы конъюктураның нашарлауына, ел бюджетінің ахуалына,  сондай-ақ  біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз.  Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Akorda.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379