Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4562 0 пікір 1 Тамыз, 2015 сағат 11:49

ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНДЫ

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың төрағалығымен қалалық әкімдіктің алқа жиыны өтті. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылап, үшінші тоқсандағы мақсаттарды пысықтауға арналған жиын барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар кемшіліктер де көрсетілді. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Алмас Әділ экономиканың әр саласындағы даму жағдайына тоқталды. Мәселен, баяндамашы өңірлік индустрияландыру картасы бойынша «JLC Сүт» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС-нің үйқұрылыс құрылымдар цехы және «Алматы бояулары» ЖШС өнім көлемін бірнеше есе арттырғанына тоқталды. Бұдан бөлек, Талдықорғанда жыл басынан бері центрифугалық тіректер, тауарлық бетон және арнайы электрод шығаратын 3 жаңа цех жұмысын бастап, 46 жаңа жұмыс орны ашылғандығын да сөз етті. Облыс орталығында ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі де ұлғайып, бұл көрсеткіш 2,9 млрд. теңгені құраған. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 19,6%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 25 мың адамға жеткен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жалпы несие сомасы 68,6 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданып, 3 жоба бойынша құны 56,8 млн. теңгеге кепілдік берілген. Бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың жемісі ретінде 87 жұмыс орны құрылды. Баяндамашы Талдықорғанға қаржыландырудың барлық көздерінен 25,0 млрд. теңге инвестиция тартылғандығын ерекше атап өтті. Оның ішінде, бюджеттен тыс қаражат 10,2 млрд. теңгеге жеткен. Қаладағы құрылыс қарқыны да еселеп артып келеді. Ағымдағы жылдың 6 айында 36,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

Оңтүстік – Батыс тұрғын ауданында жас отбасыларына арналған жалпы ауданы 9,7 мың ш.м. 128 пәтерлік 2 үй, ауданы 4,4 мың ш.м. 50 пәтерлік коммуналды үй талдықорғандықтардың баспана мәселесінің күрмеуін шешті. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы бірнеше үй қол-данысқа берілмек. Баяндама аяқталысымен қала басшысы Ермек Алпысов көрсеткіштердің көңіл толтыратындығына қарамастан әлі де көңіл бөлуге тұрарлық мәселелерге назар аударды. Тіпті, кей бөлімдердің жұмыс қарқынының баяулығы мен міндетін өз деңгейінде атқармайтындығы тұрғындар шағымының артуына алып келетіндігін атап өтті. Бұл мәселеге нақты мысал келтірген қала әкімі арнайы жасалған слайд арқылы қоғамдық көлік саласындағы фотодеректерді алға тартып, қалалық ІІБ мен жолаушы тасымалын басқару орталығының жұмысын сынға алып, кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

Сонымен қатар, қаланы көгалдандыруды өз мойнына алған “Көркем Талдықорған” мекемесінің жұмысындағы ағаттықтар әшкереленіп, қаланың түнгі жарықтандырылуына жауапты “Жигули” ЖШС-нің салғырттығы да назардан тыс қалмады. Инженерлік коммуникацияларды тарту мақсатында қара жолды қазып, оны қалпына келтірмей кету деректері қаланың көптеген ауданында тіркелгендігін атап өткен қала басшысы тиісті мекемелерге аталған мәселені уақыт оздырмай реттеуді тапсырды. Алқа жиынын түйіндеген шаһар басшысы қаланың көркі, экономикалық һәм әлеуметтік дамуы әкімдіктің әр бөлімінің жұмысына етене байланысты екендігін тілге тиек етіп, бұл іске немқұрайды қараған лауазым иелерінің жауапкершіліктен жалтара алмайтындығын қатаң ескертті.

Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға "Қайнар", "Teмip", "Қазақаккумулятор", "Темірбетон", "Ажар", "Нан", "Өрнек", "Аққу", "Сайман", "Қаласүтзауыты", "Мирас", т.б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр турлі салаларға маманданған "Гамма" АҚ, "Механикаландырылған жұмыстар" ЖАҚ, "Құрылысшы" АҚ, "Шымыр" ЖАҚ, "Ақ сұңқар-ай" ЖАҚ, "Талдықорған электр желілері құрылысы" АҚ, "Ақжол" ЖАҚ, "Қалалық жол құрылысы" ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.

Ғалымұрат ЖҮКЕЛ,

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276