Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4402 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 17:10

МЕМЛЕКЕТТІК ТУМЕН ҚОҚЫС ШЫҒАРҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап: «Шымкентте мемлекеттік тумен қоқыс шығарғандар сотталды, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Сот өкілдерінің мәліметінше, оларға судья айыппұл түріндегі жазаны кескен. "Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының 08.07.2015 жылғы үкімімен Талғат Биболат пен Гауһар Калдыбаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабымен кінәлі деп танылып, Биболатқа осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған. Калдыбаеваға осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.

Еске салсақ, Шымкентте коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары қоқысты Қазақстанның туына салып шығарған болатын. Тазалық жұмыстарын кездейсоқ көріп қалған куәгерлер бұл жайтты суретке түсіріп алған еді. Мемлекеттік ту арқылы қоқыс шығарған жұмысшылардың аты-жөнін анықтап, оларды ұстауға полиция қызметкерлеріне үш сағат қажет болды. Сөйтсе, олар "Бекасыл сервис" ЖШС қызметкерлері болып шықты. Ұсталғандардың ішінде 1986 жылғы Гауһар Қалдыбаева, 1974 жылғы Талғат Биболатов және қоқыс жинаушы көліктің жүргізушісі, 1966 жылғы Мейрамбек Сайлаубеков бар.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300