Қостанай облысында пайдакөрлік пиғылмен үш адамнан тұратын жанұя өлтірілді
Қостанай. 24 мамыр. ҚазТАГ - Қостанай облысының Меңдіқара ауданында өткен аптада үш адамнан тұратын жанұяны қылмыскер жеке бастық пайдақорлық пиғылмен өлтіріп кетті. Бұл туралы дүйсенбі күні полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
64 және 39 жасар әйелдер мен 16 жасар жасөспірімнің өлі денелерін өткен бейсенбі күні Боровское кентіндегі өз үйінен табылды, дейді ІІД қызметкерлері.
Оқиға орнын тексерген тергеу тобының криминалистері адам өлімі пышақтаудан болғанын анықтады, делінген ақпаратта.
Оқиғаға байланысты 96-шы бап, - «адам өлтіруге» қатысты қылмыстық іс ашылып, оқиға қарақшылық шабуыл деп бағаланып отыр. Себебі үйден құнды заттар жоғалған.
Оқиғаның жағдайына қарап, қылмысты ашуға облыстық ІІД бастық орынбасары бастаған ең үздік мамандар тобы жұмылдырылып, оларға ҚР ІІМ көмек көрсетуде.