Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3493 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 04:43

315 мың қазақ санаққа ілікпепті!

Былтырғы жылғы санақтың екінші қайтара жарияланған нәтижесінде, Қазақ еліндегі тұрғылықты ұлт өкілдерінің үлес салмағының азайып қалғандығынан тіксініп, қандастарымыздың «жер қозғалса да, қозғалмайтын» салмақты мінезін, «арбамен қоянға жететіндігіне» деген сенім сіңген болмыс-менталитетін ойда ұстай отырып, «біраз қазақтың есепке кірмей қалғандығын» болжағандардың қауіптері растала бастағандай.

Кеше Парламентке «Үкімет сағатында» есеп беруге келген Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мына анық мәліметті жария етуге мәжбүр болды: 2009 жылғы жалпыұлттық санаққа ендігі Қазақстанға тұрғылықты орныққан деуге болатын 315 мыңға тарта оралман қазақ енбей қалған! Бір ғажабы, оралмандардың өздерін тура кінәламағанымен, статистикашылар мұның бар айыбы соларда дегенді меңзегісі келетіндей.

Былтырғы жылғы санақтың екінші қайтара жарияланған нәтижесінде, Қазақ еліндегі тұрғылықты ұлт өкілдерінің үлес салмағының азайып қалғандығынан тіксініп, қандастарымыздың «жер қозғалса да, қозғалмайтын» салмақты мінезін, «арбамен қоянға жететіндігіне» деген сенім сіңген болмыс-менталитетін ойда ұстай отырып, «біраз қазақтың есепке кірмей қалғандығын» болжағандардың қауіптері растала бастағандай.

Кеше Парламентке «Үкімет сағатында» есеп беруге келген Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мына анық мәліметті жария етуге мәжбүр болды: 2009 жылғы жалпыұлттық санаққа ендігі Қазақстанға тұрғылықты орныққан деуге болатын 315 мыңға тарта оралман қазақ енбей қалған! Бір ғажабы, оралмандардың өздерін тура кінәламағанымен, статистикашылар мұның бар айыбы соларда дегенді меңзегісі келетіндей.

- Ағымдағы статистиканы жүргізу бағытында шетелден келген оралмандарды есепке алу, тек оларды Ішкі істер министрлігінің құзырлы органдары - көші-қон полициясы тіркегеннен кейін ғана жүргізіледі, - деді еліміздің «бас статисті» Ә.Смайылов. - Қазақстанға келген оралмандар тұрақты орны болған жағдайда тіркеуден өтіп, статистикалық талонды толтырады. Осы оралмандар тұрақты орынға тіркеліп, статистикалық талонды толтырмайынша, олар статистикалық есепке алынбайды. Сондықтан да ұлттық санақты жүргізу барысында әлгі тәріздес түйткілдер болды. Шынында, Қазақстанға келген, бірақ әлі оралман мәртебесін иеленудің әртүрлі сатысында тұрған, тұрақты орынға тіркелмеген шамамен алғанда 315 мыңға тарта оралман бар. Бұл проблема бізге белгілі, - деді Агенттік басшысы. Мұны естіп, ұлтжанды қалаулылар елеңдеп қалды. Яғни қазақтардың Қазақстан халқының жалпы санындағы үлес салмағы, тіпті сәл де болса, өсуге тиіс емес пе?! Бірақ санақшылар мұны айту үшін біраз қаржы сұрайды. «2009 жылы жүргізілген ұлттық санақ мәліметтерін толық өңдеп, оны жариялау үшін бюджеттен қосымша 617 млн теңге қажет етіледі» деді Статагенттік басшысы. Осы тұста ол өзінің ағымдағы жылдың ақпанында жариялағаны он жылда бір оралатын жалпыұлттық халық санағының қысқаша қорытындысы ғана екендігін еске салды. Ал жақын уақытта азаматтардың діни ұстанымы, азаматтығы, мемлекеттік тілді меңгеруі, халықтың өңірлерде орналасуы, өңірлердегі тұрғындардың ұлттық құрамы мен диаспоралар сияқты толымды мәліметтер қамтылатын түпкілікті қорытынды жария етілмек. Ал егер Үкімет пен Парламент мұны тағат таппай, күтіп жүрсе, қосымша миллиондап тағы қаржы бөлсін! Айтпақшы, себебін айтпағанымен, Статагенттік былтыр санақ мәліметтерін өңдеуге деп әу баста қоржынына салынған 4 млрд 200 млн теңгенің 1 млрд теңгеге жуығын бюджетке қайтарып беріпті. Соған қарамастан, Смайыловтың командасы бұрынғылардан әлденеше артық жұмыс істеуге мәжбүр болған:
«Мәселен, былтырғы жылы қорытындыларды бақылау жөніндегі жұмыстар толық аяқталмаған. Бұдан бөлек, мәліметтерді өңдеу бойынша бағдарламаларда кемшіліктер болды, біз олардың бірқатарын қайта жазып шықтық. Бұған дейін санақ кезінде жол берілген кемшіліктердің салдарынан 300 мыңға тарта қайталанып кеткен мәліметтер өшіріліп, 1 миллионға жуық адамның жастарын қайта түзеуге тура келді, - деді Әлихан Смайылов. - Ең басты түйінге келсек, ұлттық санақ мәліметтерін өңдеуге биылғы жылдың қаражаты әлі күнге бөлінбей отыр. Статистикалық жинақтарды баспадан шығаруға ағымдағы жыл бюджетінен бар-жоғы 19 млн теңге бағытталған, бірақ қалған мәліметтерді өңдеу, оларды кестелеп шығаруға қаражат қарастырылмады» деген Агенттік төрағасы бюджеттік жоспарлау барысында өздерінің осы мәселеге қатысты тапсырыс бергендерін, бірақ Үкіметтің қаржыға жауапты қанатындағы шенеуніктер тарапынан қолдау таппағандығын мұңая жеткізді. Әрине, Смайылов «61,7 миллион бермесең, санақтың түпкі мәліметін бермеймін» деп қасарысып отырған жоқ, бірақ мұның баяу болатындығын ескертеді. «Біз қазіргі күнде бұл жұмыстарды өзіміздің ішкі ресурстарымыздың есебінен жүргізудеміз. Сондықтан да, былтырғы жылғы санақ мәліметтерін өңдеу мен жариялау жұмыстары тым баяу жүргізілуде» деді Ә.Смайылов. Дегенмен, ол қалаулыларды санақ мәліметтерінің келесі қорытындыларын тым кешіктіре бермей, таяу уақытта жариялайтындарына сендірді.
Мәжіліс депутаттары Агенттік басшысының аузынан естіген тағы бір жаңалық: еліміздің бас статистикалық органы Елбасының бастамасымен және тікелей бақылауымен қолға алынып жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асу барысына арналған тоқсан сайынғы арнайы бюллетень шығаруды жоспарлап қойыпты. Қай аймақ басшысының бұл істе әбжілдік танытып, көш бастап келе жатқандығын, ал қай әкімнің жаңаша жұмыс жасай алмай, істі қожыратқандығын үкіметтегілер де, қалаулылар да осы басылымнан егжей-тегжейлі біліп отыратын болады.
Әлихан Смайыловтың бір бұйымтайы бар екен: ол өз командасын кеңейтуге құмбыл. Агенттік төрағасының байламынша, қосымша күш «Үштік одақтағы» өзара сауда бойынша статистика тасқынын өз арнасында ұстап, дұрыс жүргізу үшін қажет екен. «Кедендік одақ елдері арасындағы өзара сауда есебін ұйымдастыру мақсатында Агенттік 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, Өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі өкілетті орган ретінде айқындалды» деген Әлихан Смайылов осыған орай құрылатын жаңа ақпараттық жүйеге қызмет көрсететін адамдарды жұмысқа қабылдау керектігін жеткізді. Ол Агенттіктің орталық аппаратының да, Алматыдағы статистика департаментінің де штатын ұлғайтуға ниетті. Ал бұл шаруа тағы 275 миллион теңгені талап ететін көрінеді. Статистика агенттігі Премьер Кәрім Мәсімов қол қоюы қажет тиісті Үкімет қаулысының жобасын да ендігі әзірлеп тастапты.

Айхан ШӘРІП

«Айқын» газеті 25.05.10.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276