Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Шамшырақ 10724 0 пікір 14 Шілде, 2015 сағат 17:27

НҰРЖАН ШАҢЫРАҚ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Осыдан біраз жыл бұрын «прогерия» - ерте қартаю дертіне шалдыққан Атырау облысының тұрғыны Нұржан ӨРКЕШБАЕВ шаңырақ көтерейін деп жатыр – алдағы тамыздың жетісі күні осы облыстың Мұқыр ауылында Нұржан мен оның болашақ жары Әсемгүлдің  некесі қиылады. Бұл туралы ақпаратты Фейсбуктегі жеке парақшасында журналист Жеңіс Құспанов жариялады.

Есімізге түсіре кетейік, 4 жасынан бастап ерте қартаю дертіне шалдыққан НҰРЖАН қазір жиырма төртте.

Нақты мәліметтерге қарағанда, мұндай дертке шалдыққандар саны бүкіл әлем бойынша жүзге жетер-жетпес қана болса, соның біреуі біздің елімізде екен, ол – Нұржан Өркешбаев. Көптеген маман-дәрігерлердің түрлі де түрлі диагноздары мен болжам-жорамалдарына мүлде мойымай, өзінің орасан жігерлілігінің арқасында жарық дүниеде жарқын өмір сүріп келе жатқан Нұржанға, оның сүйіктісі Әсемгүлге бақыт тілейміз!


Марат МАДАЛИМОВ.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4932
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129