Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3226 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 07:33

Қырғызстанда халықтан қару сатып алуға баға белгіленді

Бішкек. 26 мамыр. ҚазТАГ - Қырғызстанның уақытша үкіметі милицияға қару-жарақ, жарылғыш заттарын тапсыратындар үшін сыйақы тағайындады, деп хабарлады «АКИпресс» Бішкектің қылмыстық іздеу басқармасының бастығы Рафик Мамбетәлиевке сілтеме жасап.

Тапсырылған гранатаатқыш немесе пулемет үшін 8 мың сом (Т3,25/сом), автомат немесе снайперлік мылтық үшін 4,8 мың сом беріледі. Милицияға тапанша, револьвер немесе шолақ мылтық әкелген адам 3,2 мың сом көлемінде сыйақы алады.

Агенттіктің ақпараты бойынша, тротил мен гексоген халықтан жүз грамы үшін 800 сомнан, қол гранаталары мен миналардың әр данасы 1,6 мың сомнан сатып алынады. Милицияға оқ-дәрі әкелгендерге жүз гр. үшін 50 сомнан беріледі.

Еске сала кетейік, сәуірдегі төңкеріс және одан кейін болған тәртіпсіздіктер кезінде көтерілісшілер күш құрылымдарынан көп көлемде қару тартып алған. Бүлікшілер әкімшілік ғимараттарды (мысалы, Таластағы облыстық ІІБ, ондағы тәртіпсіздіктер кейін Бішкекке ауысты) басып алу кезінде де қару иемденген болатын.

Олар бұл қаруды Бішкекте үкімет ғимаратын шабуылдау кезінде пайдаланды. Қарудың бір бөлігі кейін тонаушылық әрекеттеріне барғандардың қолында қалды.

Кейін бүлікшілердің кейбірі қаруды билікке тапсырды. 25 мамырдағы жағдай бойынша, Қырғызстан милициясы жүздеген пулемет, автомат, гранатаатқыш, тапанша, аңшы мылтықтарын жинаған. Сәуірдегі оқиғаларды тергеу комиссиясын басқарған қырғыз құқық қорғаушысы Төлеқан Исмаилова бүлікшілердің қолында екі мыңға жуық қару қалғанын айтқан болатын.

Милиция қаруды өз еркімен тапсырғандарға қатысты жаза қолданбауға уәде берді. Ал қырғыз билігі автоматтар мен тапаншаларды бүлікшілер иемденіп алғаны туралы айтпай отыр. Мұның орнына күш құрылымдары қаруды «жоғалтып алды» деп мәлімделді.

Ел астанасының қылмыстық тергеу басқармасы бастығының айтуынша, «жоғалған қаруды» қазір милиция ғана емес, азаматтық тұлғалар да сатып алып жатыр. Сатып алушылардың көбі - қылмыстық топтардың өкілдері.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273