Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7137 0 пікір 9 Шілде, 2015 сағат 13:01

«ҚАЗАҚМЫСТА» ҚЫТАЙЛАР МЕН ҚАЗАҚТАР ТӨБЕЛЕСТІ

Кеше, Шығыс Қазақстанда "Қазақмыс" корпорациясының Ақтоғай кен орнында жұмысшылар арасында төбелес болып, 31 адам зардап шеккен. Бүгін осыған орай Қазақстан Үкіметінде Шығыс Қазақстандағы кен орнында болған жаппай төбелеске байланысты шұғыл жиын өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz жаңалықтары хабарлады.

Тәртіп сақшылары оқиғаның 8 шілде күні "Қазақмыс" корпорациясының тау-байыту комбинатының асханасында болғанын, жұмысшылардың бірінің тамақ сапасына налып, комбинат аспазына дене жарақатын салғанын, бұдан кәсіпорын жұмысшыларының бір-бірімен төбелесуі басталғанын хабарлады.

Оқиға туралы: "Ақтоғай ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келген кезде төбелес аяқталды. Төбелес салдарынан комбинаттың 31 жұмысшысы зардап шекті, оның ішінде біреуі күзетші және тағы 21-і Қытай халық республикасының және Қазақстанның азаматтары. Олар Өскемен мен Аягөз қалаларының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Дене жарақатын салу және бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. ", - делінген ІІД хабарламасында.

Бүгін, Сыртқы істер министрлігі тартақан ақпарат бойынша ҚХР азаматтары мен жергілікті тұрғындар арасындағы жаппай төбелеске  байланысты Үкіметте мүдделі мемлекеттік органдардың барлығының қатысуымен шұғыл жиын өткізілді.

Министрліктегілердің мәлімдеуінше, тәртіп орнатып, оқиғаны толық тергеу үшін барлық шара қолға алынды. "Заңға сәйкес екі тараптың да кінәлі азаматтарының жауапқа тартылатынына сенімдіміз. ҚР СІМ ҚХР-дің Қазақстандағы елшілігіне тиісті жәрдемді көрсетеді", - дейді ведомстводағылар.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406