Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7463 0 пікір 6 Шілде, 2015 сағат 01:59

"ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ" КОНСТИТУЦИЯҒА ДА ҚАЙШЫ

Үш тұғырлы тіл деген түркі халқы үшін көптен бері тағдырдың жазуы болып келеді. Осыдан жеті ғасыр бұрын да осы мәселе мемлекеттік деңгейде тұрған екен. Қараман әулетінен шыққан Мехмет сұлтан әскери қабілетімен, парасатты билік және ғылымымен аты шыққан тарихтан ойып орын алған тұлға болды. Ол кезде он үшінші ғасырда Селжұқ мемлекеті Евразияның үштен бірін алып жатқан алып империя болатын. Мемлекетте оқымыстылар парсы тілінде, билік араб тілінде тіршілігін ертегідей жалғастырып жатады. Ал қара халық өз түркі тілінде күнелтіп жүреді. Өркениет ислам ортақ. Бірақ билікте түріктер болғанменен, келешекте өздігінен бұл биліктің басқа мәдениет өкілдерінің қолына еш талассыз өтетіндігін білген Қараманлы Мехмет сұлтан айналасына оғыздардан ғана жасақ құрып, мемлекет билігін нығайту мақсатында, Селжұқ және Моғол жүйесін қорғайтын әскерді күшпен ыдыратып, Конияны өзіне бас қала қылып жариялайды. Кония түрікмендерінің қолдауына ие болады. Сол кездегі түрік хандарының аттары парсыша Иззетдин Кейқауыс, Ғияситдин Сиявуш болып келетін. Билік парсыланып кеткен. 
Бұл жердегі Мақсат Қараманлы Мехметтің саяси тарихын айту емес, оның тарихтағы бір ісі, ірі ісі, тіл мәселесіндегі ұстанымын ғибрат еткелі жазып отырмын. Ол 1277 жылы 13 мамырда «Бүгіннен бастап билікте, мәжілісте, ордада, мешітте, базарда түрік тілінен басқа тіл қолданылмайтын болсын!!!» деп мемлекеттік, мәдени, өркениеттік және саяси пәрмен шығарады. Пәрменінің дәрменімен түрік тілі араб, парсы қыспағынан аман қалады. 
Бүгін Қазақстан да осы үш тұғырлы тіл қысымын, бұл табиғи құбылыс деп санаға сіңістіргісі келеді. Кешегі коммунистік идеология жахандануының салдары деген ұстаным жоқ. Кешегі кеңестік құндылықтардың тілі мен орны сол қалпы сіресіп тұр. Бұл негізінен мемлекеттілік теориясына да, қазақ елі тұғырнамасы болып табылатын ата заңымыз конституцияға да қайшы... Онда пәрмен бар «қазақ тілі мемлекеттік тіл» деген...бірақ дәрмен жоқ..

 

Досай Кенжетай

(Әлеуметтік желіден)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060