Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4234 0 пікір 2 Шілде, 2015 сағат 11:38

ҚЫРҒЫЗСТАН НАЗАРБАЕВТЫ І ДӘРЕЖЕЛІ «МАНАС» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттау» жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі ел халқы арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102