КӨШІ-ҚОН «КЕЛЕТІНІ КЕЛДІ, БОЛДЫ» ДЕЙТІН ШАРУА ЕМЕС
А.Мукабай:
Беке, көші-қон жайында, шеттегі кандастарыңыз жайында не айтасыз? Егер сіз осы саланы басқарсаныз, жұмысты неден бастар едіңіз?
Берік Әбдіғалиұлы:
– Бұл енді көптен бері қордаланған мәселе ғой. Алдында сарапшылардың Қытай да, Түркия да және басқа елдерде жүргізген сауалнамасы негізінде шетелдегі қазақтардың көпшілігінің елге келу ойы бар деген тұжырым жасады. Ал үкіметте «келетіні келді, болды» деген ой болып, квотаны тоқтатыңдар деген шешім болған. Шын мәнінде бұл «кететіні кетті, келетіні келді» дейтін шаруа емес. Ол әрқашан жүретін үрдіс. Өйткені әр бірі жағдайына байланысты келген уақытында келеді. Әлемнің әр жеріндегі қазақтың бәрі бірақ толық келе алмайтын да шығар. Мен ойлаймын барлық қазақ бізге тең ғой, дегенменде өнерлі, талантты жастарды жастайынан таңдап, мектепте жүрген кезінен байқап оларды арнаулы түрде шақып, мемлекет қамқорына алынып, арнайы интернаттарда оқыту керек. Жалпы айтқанда шет елдерде жүрген қандастарымызға арналған «Болашақ» бағдарлама секілді бағдарлама қажет. Елге келем деген жастардың талантын одан ары ашса, ертең олар еліміздің мақтанышы болады. Олар сөйтіп өз аяқтарынан тұрып кетсе, ертең әке-шеше, туыс туғандары да келеді ғой. Сосын әрине кәсіпкерлік саласы экономикалық тұрғыда ағайындар келіп импорт-экспорт саласындағы мәселелерде белгілі бір жеңілдіктер болса, оны енді экономистермен ақылдасу керек. Дегенмен де ағайындардың екі елдің арасындағы кәсіпкерлік істерін дамытса, елге келіп гүлендіріп жатса біздің заңға байланысты бәрі бірдей дейді ғой, ал екі елдің арасында Қазақстан мен Түркия, Қазақстан мен Қытай, Иран осы екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтарды нығайтуға белгілі бір жеңілдіктер болса. Өйткені сол мемлекеттерді бізден көрі сол жақтан келген қандастарымыз жақсы біледі. Біз ол мемлекеттің мекемелерінен алданып қалсақ, олар алданбайды. Сондай бір сауда, экономикалық жағынан жеңілдіктер болса, бір жағынан ол жақтағы мекемелер, зауыттар істеп жатыр ғой. Сондай бір кішкене болса да нақты- нақты қадамдар керек сияқты деп ойлаймын. Бұрын ең көп мәселе адаптация, тіл мәселесі, заң мәселесі соларды айтатын, қазір енді оған көбісінің еті үйренді. Келіп жатқандар да қандай мәселелер барын жобалап біледі, қалай аяққа тұрып кетеміз деп психолгиялық жақтан дайын болып келеді. Жұмыс жоқтығында біліп, қазір бәріне дайын болып келе жатыр.
Өзім Арқалықта әкім болып тұрғанда арнайы оралмандармен кездесейінші деп едім, сөйтсем олардың тізімі ешкімде жоқ екен. Сосын хабарламамен шақырдым. Сөйтіп келді, көңіл-күйлерін, қандай мәселелеріңіз бар бәрін айтыңыздаршы дедім. Олар тіркеу мәселелерінің қиындығын айтты. Сосын сіздерге арнаулы көші-қон полициясы болсын бәріне айттым, ешқандай шектеу болмасын деп, келіңіздер, туыстарыңызды әкеліңіздер Арқалықта ешқандай шектеу болмайды деп, әкімі ретінде қолдауымды білдіріп жанашырлығымды білдірдім. Олардың да биліктің қолдауы блініп, әкімнің назары ауып жатқанына көңілдері көтеріліп қалды. Өзім де сендерге біреу оралмансыңдар деп тисіп жатса маған келіңдер, сендердің құқықтарыңды мен қорғаймын деп әрқайсысына өз тілегімді айтып қойдым. Міне біз соның бәрінен өттік, енді қосымша талантты балаларды тартуды жолға қойсақ, ертең әке шешсін өзі-ақ алып келеді.
(Берік Әбдіғалиұлының "Қамшы.кз" сайты арқылы қойылған сұраққа берген жауабынан)