Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6096 0 пікір 27 Маусым, 2015 сағат 04:51

БЕЙЖІҢДЕ АБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

Қытайда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған шаралар өтті. Бұл туралы «24-арна» хабарлады. Бейжіңде алғаш рет өткізіліп отырған Абай оқуларына танымал ресейлік және қазақстандық жазушылар және Астанада тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан. Алдымен Чаояң саябағында орналасқан ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Содан кейін шара «Абай оқуларымен жалғасты.

Қазақстандық студенттер, жергілікті қазақтар, қара сөздің майын тамызып, ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Абайдың шығармаларын қытайшаға аударып бірнеше кітап шығарған жазушы, сібе ұлтының өкілі Қабай ақсақал:

 «Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген ұлағатты сөзі әлем халықтарын ынтымаққа достыққа шақыратын ұлы сөз», - деп атап өтті.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2489
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 650