Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5058 0 пікір 27 Маусым, 2015 сағат 03:30

ОБАМА МЕН ПУТИН ТЕЛЕФОНДА ДИДАРЛАСТЫ

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Барак Обама телефон арқылы әлемде белең алған лаңкестікпен күрес мәселесі төңірегінде әңгімелескен. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәліметіне сүйеніп Bnews.kz жазды.

«Екі елдің басшылары ең бірінші кезекте екі ел арасындағы қарым-қатынасты талқылады. Сонан соң әлемде белең алған лаңкестікпен күрес жайы, әсіресе, ИСИМ-нің Таяу Шығыстағы ықпалын жоюға қатысты әңгіме өрбітті. Путин мен Обама РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керриге осы мәселелерді талқылау үшін тапсырма беруге келісті», - дейді Д.Песков.

Президенттер бұнымен қатар, РФ СІМ министрінің орынбасары Григорий Карасин мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуландқа таяу уақытта Минскідегі келісімдердің іске асырылу барысын талқылауды тапсыратынын айтқан.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 944
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2430
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629