Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8620 0 пікір 27 Мамыр, 2010 сағат 07:35

Ілия ЖАҚАНОВ. Теміртау түні

(Лирикалық эссе)

2001 жыл. Теміртауда алтын күз. Жып-жылы... Желсіз, тымық, маужыр сәт. Көк жүзінде қимылсыз қалқыған ақша бұлт.

Осы сапар мені Теміртаудағы бір қадір­лес досым Тілеукен Смағұлов қарсы алды. Тілеукен - Қарқаралы жағынан. Ме­ні­мен кез­дескен сайын жанға жайлы жұм­сақ әзі­лі­не басып: "Бір Балқантау жөнінде төрт әніңіз бар. Бірі­нен-бірі өтеді. Ол тек ма­хаббат жыры емес, біздің еліміз бен жері­мізге деген ыстық ықы­ла­сыңыз. Сізді сол үшін сый­лаймыз", - деп мені елден ерек өбектеп жүреді.

Сол келген күннің кешінде Тілеукен­нің үйінде бір келісті отырыс болды. Арқа аза­мат­тарының игі дәстүрі бар, бас­тары қосы­лып, жинала қалса мәзірі, мәні жоқ қысыр әңгіме айтылмайды, тегі. Кө­кейдегі сөздер арғы-бергі тарихтан қоз­ғалады, ән төңіре­гін­де ғана өрбиді. Арқаның "Жи­ыр­ма бесі", "Екі жирені", "Дударайы", "Қа­ра­­ке­се­гі", "Әупіл­дегі", "Ләйлімі", "Балқа­ди­ша­сы", "Қор­ланы"... әрқайсысы бір-бір хикая, тек сол әндер ғана ма, біздің зама­ны­мыздың "Қар­лығаш", "Кестелі ора­мал", "Жас қазақ", "Ақерке" секілді ән­де­рін де сүйсіне сөз еттік. Оларды сағы­ныш­ты жүрек­тің лүпілімен емірене әндеттік.

Ән саябырлаған бір сәтте әңгіме басқа салаға ойыса берді:

- Теміртауыңыз осы... Жүз жетпіс мың халқы бар, тоқсаннан астам ұлт тұрады.

(Лирикалық эссе)

2001 жыл. Теміртауда алтын күз. Жып-жылы... Желсіз, тымық, маужыр сәт. Көк жүзінде қимылсыз қалқыған ақша бұлт.

Осы сапар мені Теміртаудағы бір қадір­лес досым Тілеукен Смағұлов қарсы алды. Тілеукен - Қарқаралы жағынан. Ме­ні­мен кез­дескен сайын жанға жайлы жұм­сақ әзі­лі­не басып: "Бір Балқантау жөнінде төрт әніңіз бар. Бірі­нен-бірі өтеді. Ол тек ма­хаббат жыры емес, біздің еліміз бен жері­мізге деген ыстық ықы­ла­сыңыз. Сізді сол үшін сый­лаймыз", - деп мені елден ерек өбектеп жүреді.

Сол келген күннің кешінде Тілеукен­нің үйінде бір келісті отырыс болды. Арқа аза­мат­тарының игі дәстүрі бар, бас­тары қосы­лып, жинала қалса мәзірі, мәні жоқ қысыр әңгіме айтылмайды, тегі. Кө­кейдегі сөздер арғы-бергі тарихтан қоз­ғалады, ән төңіре­гін­де ғана өрбиді. Арқаның "Жи­ыр­ма бесі", "Екі жирені", "Дударайы", "Қа­ра­­ке­се­гі", "Әупіл­дегі", "Ләйлімі", "Балқа­ди­ша­сы", "Қор­ланы"... әрқайсысы бір-бір хикая, тек сол әндер ғана ма, біздің зама­ны­мыздың "Қар­лығаш", "Кестелі ора­мал", "Жас қазақ", "Ақерке" секілді ән­де­рін де сүйсіне сөз еттік. Оларды сағы­ныш­ты жүрек­тің лүпілімен емірене әндеттік.

Ән саябырлаған бір сәтте әңгіме басқа салаға ойыса берді:

- Теміртауыңыз осы... Жүз жетпіс мың халқы бар, тоқсаннан астам ұлт тұрады.

- Ал ол бір кезде Қарағандының шетін­дегі Самарқан деген қалашық еді. Ол да өзін­ше бір тарих.

- Ұлы Отан соғысы аяқталған жыл. Сол жылы күзде Қазақстан Үкіметін бас­қа­рып отырған Нұртас Оңдасынов Мәскеуге барыпты.

- Е, осыны айтшы...

- Оңдасынов КСРО Ауыр өнеркәсіп министрі Тевосянның қабылдауында бо­лады. Барған мәселесі - жаңағы Самар­қан қа­лашығын болашақ металлургтер қаласы ету. Тевосян сабырлы, тоқтамды кісі екен, Оң­дасыновпен емін-еркін пікірлесіп, дұрыс ше­шімге келеді. Бір кезде Тевосян ойланып отырып: "Сіз бұл қаланы "Самарқан" дей­сіз, ә? Өзбек­станда әйгілі Самарқан қаласы бар емес пе?" - деп оқыс сауал қояды. Оң­дасы­нов бұл сөзге не дерін білмей, мүдіріп, сасқалақтап қалады. Тевосян жұмсақ үнмен: "Қазақтар металды не дейді?" - деп сұрай­ды. Оңдасынов: "Темір", - деп жауап бе­реді. Тево­сян: "Дұрыс", - деп жымия бас изей­ді. Оңдасынов жүрегі лүп ете түсіп: "Біз темір кенін тау-тау ғып өндіретін боламыз. Сіздің "Темір" деген сөзіңізге "Тау" деген сөзді қоссақ қайтеді?" - дейді еркінси сөй­леп. Қойшы, не керек, екеуі әрі-бері ойла­нып, осы мәмілеге тоқтайды. Кейін Қазақстан Орталық Комитеті мен Жоғарғы Совет Президиумы металлургтер қаласын "Теміртау" деп мақұлдапты.

- Бізге көп нәрсе беймәлім әлі. О баста аталарымыз осы жерді "Самарқан" деп қалай атаған, оны біз білмейміз.

- Арқаның күретамыры дерлік Нұра өзенінен бөлінетін бір кең арна - бүгінде осы Самарқан көлі... Үлкен су қоймасы ол. Оның жобасын сол кездерде Қазақстан Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаев жасатқан. Қанекең!

Отырыс ұзаққа созылды. Түннің бір уа­ғын­да бәріміз тысқа шықтық. Тым-тырыс ты­на қалған дүние... Қала шуы басылған. Күз­­дің салқын лебі. Толықсып ай да туған екен. Жұлдыздар биіктеп, алыс­тай бастапты.

Тілеукен:

- Міне, біздің аула. Бұл жерге біз жа­қын­да ғана көшіп келдік. Ескі үйді бала­лар­ға қалдырдық. Әні, екі қатарлы үй... Шамы да сөнбепті. Сол үйде Нұрсұлтан На­зарбаев тұрды. Көзімізге ыстық көрінеді. Ке­зінде осы үйде әндетіп, дүрілдетіп жату­шы едік. Содан бері неше рет күз келді, неше рет қыс түсті, өмір өз әуенімен жүре бере­ді екен. Нұрсұлтан Әбішұлы Теміртауға келсе болды, бұл үйге соқпай кетпейді. Тарихи үй! - деді жылы сезіммен.

Қасымыздағы жігіттердің бірі:

- О, шіркін, Теміртау түні! Самар­қанның лебін қарашы, жайлап қана желпіп жатыр, - деп қалды.

Мен көк жүзіне көз салдым, ай да жылжып барады...

Ертеңінде Тілеукен екеуміз Темір­тауды араладық. Ол мені, ә дегеннен қаланың орта­л­ығында салынып жатқан металлург­тер мо­нументіне алып келді. Екі металлургтің бейнесі...

Тілеукен жайлап қана сөз бастады:

- Нұрсұлтан 1958 жылы онжылдықты бітіре сала, Алматы облыс­тық комсомол комитетінің жолдамасымен, өзі секілді бір топ жастардың қатарында, Теміртаудың жа­ңа­дан салынып жат­қан металлургия зауы­тына келді. Романтиктер! Келе сала білек сыбанып, қауырт іске араласты. Жас маман ауа­дай қажет. Зауыт басшылары біраз жігіт­терді іріктеп, Украинаның Днепродзер­жинск қаласына оқуға жіберді. Солардың ішінде Нұрсұлтан да бар еді. Онда ол учи­ли­ще бітіріп, металлург мамандығын алды. Құю қондырғысының шойыншысы боп шыға келді. Бұл - 1960 жыл. Сол жыл­дардан бастап, Нұрсұлтан­мен жұмыстас, қызметтес, дос-көңілдес боп бірге жүрдім.

Қазақстан Магниткасы! Бірінші және екінші домна пештері шойын селін ағызды. Мартен пештері мың градустық жалынмен лаулады. Бұл не деген ғаламат десеңізші! Сол бірінші домна іске қосылғанда Нұр­сұл­тан аға горновой боп тағайындалды. Осы кез­де белсенді комсомол ретінде де жұл­ды­зы биіктеді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО-ның Х съезіне, Мәскеуде БЛКЖО XІV съезіне делегат боп қатысты. Металлургия зауытының жолдамасымен институтқа оқуға түсті. Қараңыз, енді бір сәтте ол бірінші домнаның диспетчері!

Нұрсұлтан білімімен де, іскерлігімен де ерекше көзге түсті. Ол қалалық комсомол ко­митетін басқарды. Одан қалалық партия ко­митетінің екінші хатшысы... Қарағанды ме­тал­лургия комбинаты партия коми­те­ті­нің хат­шысы... Қараңыз, Алматының ірге­сіндегі жұ­пыны бір ауылдан түлеп ұшқан кешегі ба­лауса жігіт ысылған азамат боп, көз ал­ды­­мызда өмір белестерінен осы­лай­ша өр­лей-өрлей, міне, бүгін Тәуелсіздік алған Қазақстанның тұңғыш Президенті болып отыр. Жалындаған жас жі­гіттің сол жылдардағы азаматтық келбетіне қы­зығып, "Аядай ғана Теміртаудың уысына сыяр ма екен?!" деп қиял жете бермейтін асқар шың­нан көргендей таңғалушы едік. Бұл сүйі­нішті сөзді, әрине, Нұрсұлтанмен тағ­дыр­лас болған ескі көз мен айтпағанда, бүгінгі ұрпақ­қа кім айтады? Қыран қияға самғайды деген осы!

Тілеукен осылай деді де ажары кіріп, сәулеттене түскен көшелер мен гүлзар­ларды көр­сетіп, Самарқан көлінің жаға­сына кеп тоқтады. Ол көлге ойлана қарап тұрып, сөзін жалғастырды:

- Ой, сол кездегі қайнаған өмір... зауыт та жалындап, лаулап жатады, болат құйып. Нұрсұлтан да жайсаң жастарды тың ой, тың бастамалармен үйіріп, қат-қабат істің басында жалындайды да жүреді. Демалыс күндері бәріміз лек-лек боп, көл жағасына келеміз. Жастар ду­маны дүрілдейді. Ортамызда Нұрсұлтан... Домбыра тартады, ән салады. Халық әндерін жақсы біледі. Оның ішінде "Біздің шешей айтушы еді" деп бір сырлы әннің:

Құралай,

Отырсың жайды сұрамай,

Мәнісін айтшы, қалқам, бұл қалай? -

дейтін ойнақы қайырмасын әуелеткенде көзінен ұшқын атып, жанып кетуші еді. Сондай-ақ "Дедім-ай-ау!", "Топ дуадақ дегенде, топ дуадақ" деп басталатын тағы бір шалқымалы әні, "Угай-ай, угай-угай, әй, угай" дейтін биязы, мақпал әні... Кейін ойлап қарасақ, бұл әндердің бәрі Нұрсұлтан өскен Жетісу өңірінің әндері екен. Жібек самалдай желпитін қоңыр әуез. Жүрекке сондай жылы тиеді. "Ә, шіркін, қазақ әні!" дейтініміз де содан ғой.

Нұрсұлтан домбырамен Арқаның кең тынысты әндерін кербез сезіммен керілтіп шырқағанда: "Үстіне оқалы шапан, басына үкілі бөрік кигізсе баяғының серісі боп шыға келер еді", - деп қызығушы едік. Сол құштар сезіміне қоса ойлы да еді. Басқа бір әншілерден "Қорлан", "Әупілдек", "Арман-ай", "Қаракесек", "Үшқара" әндерін тыңдағанда бар дүниені ұмытып, тұңғиық ойға батып кететін-ді.

Кешегі фильмдеріміз де гуманистік идеялардан туды ғой. Соның бірі - "Весна на заречной улице" фильмі. Сол фильмдегі:

Когда придет весна, не знаю,

Пройдут дожди, сойдут снега.

Но, ты мне, улица родная,

И в непогоду дорога, - деп айтылатын ән Нұрсұлтанның ең сүйікті әні еді.

Сол жылдарда "Разные судьбы" дейтін фильмдегі бас кейіпкер композитор Ро­щин­нің романсы да жұрт жүрегін ерекше тебірентті. Нұрсұлтан сол романстың:

Голова стала белою,

Что я с ней поделаю, - деп келетін қайырмасын мұңая қоңыр­латқанда бәріміз қоғадай иіліп, үнімізді шығармай, мүлгіп қалушы едік.

Сонда осындай бір тұнжыр сәттен бізді Нұрсұлтанның өзі құтқаратын-ды. Иә, сезімі алмас қылыш жүзіндей жарқылдап:

Ой, красивы над Волгой закаты,

Ты меня провожала в солдаты.

Руку жала, провожала,

Провожала, провожала! - деп шалқытып ала жөнелуші еді. Оған ілесе бәріміз заматта дүр сілкініп, әнге қосыла кетуші едік.

Е, осының бәрі қадірлі күндері­міздің шуақты елесі екен. Көл жаға­сындағы сон­дай дулы кештерде қыз-жігіт атаулы Нұр­сұл­танның ғана аузына қарап, төңірегінде дүркіреп жүретін-ді. Олардың арасында Сара да жұлдыздай жарқырап, Нұрсұлтан­ның қасынан бір елі ажырамайтын-ды. Біз екеуіне сүйсіне қарайтынбыз.

О, шіркін, Теміртау түні! Самар­қан көлінің самалы... Саф ауаны жұтып жүре бергің келеді. Бірақ, ертең жұмыс... Біз үйді-үйімізге қайтар кезде:

Не слышны в саду даже шорохи,

Все здесь замерло до утра.

Не забудь и ты эти летние,

Темиртауские вечера, - деп Самарқанның жағасынан кете алмай, бір-бірімізге жымың қағып, тұрып алушы едік.

Ілеке, осының бәрі есімізде. Носталь­гия! Жастықтың жайнаған романтикасы!

Біздің Теміртауды кезінде екі атақты композитор әнге арқау етті. Бақытжан Бай­қадамов "Қазақстан Магниткасы жас­тарының маршын" дүбірлетсе, Сыдық Мұ­хамеджанов "Жарқырайды Теміртау­дың оттары" әнін жалындатты. Ол әндер бүгіндері оқта-текте бір концерттерде, не ра­диода орындала қалса Теміртаудың сол кездегі тынысы көз алдымызға келіп, өт­кен өмірімізді елестетіп, кәдімгідей жел­пініп, көтеріліп қаламыз. Өмір... Тарих өз белгісін әндерде де қалдыра береді екен.

Тілеукен осы сөзімен жүрегімнің пернесін жайлап қана басқандай болды.

* * *

Екі күннен кейін мен "Қарағанды - Алматы" пойызында келе жаттым. Пойыз­дың бір сарынды жүрісі... Мұндай сәтте адамды қым-қиғаш ой қамалайды. Көңіл түкпіріндегі әр жай кино лентасындай көз алдыңнан өте береді. Елес бәрі... Мен Тілеу­кеннің үйінде шертілген әңгіменің бәрін еске түсірдім. Теміртаудың мақпал түнін елестеттім. Күлкісі, әндері шалқыған жастар... Олардың ортасында Нұрсұлтан мен Сара! Екеуі қол ұстасып, Самарқан кө­лінің жағасында сейіл құрып келе жатыр. Нұрсұлтан Сараға күлімсірей қарап: "Айға бетіңді бұршы", - дейді. Сараның күміс күлкісі төгіледі. Осы көріністер іштей тамылжытты.

Мен пойыздан түскенде жүрегіме жі­бек­тей есілген бір сырлы әуездің толғанын сездім...

* * *

Мына бір күз... Тағы бір ән мөлдіреді. Оны елуінші жылдардың әні десе болады. Дәл солай. Сол кездегі лирика! Әр жаңа ән туғанда ойлайтыным - ақын мен әнші. Әрине, ән сөзін өзім жазсам, онда көңілімде тек әнші ғана тұрады. Ал бұл жолы да әдеттегіше біраз ақынмен іштей тілдесіп көрдім. Біріне тоқтағам жоқ. Қасымханға ғана елеңдей бердім. Менің композиторлық лабораторияма еркіндеп еніп, көңіл дітіме әбден көнген төзімді ақын Қасымхан ғана. Сондай етене, ілкім­ді... Ойымды әріден сезіп, үйлесе кетеді. Жаңа ән "не" деп тұр, соны түсінуге бар жанын салады. Кейбір ақындар сияқты "өзімшілдігі" жоқ. Қасымханның бол­мы­сы олардан мүлде бөлек. Қасымханды мой­ындайтын ақын ағалары оны "Махаббат ақыны" дейді. Дұрыс сөз! Қасымханға тоқтадым.

Үш күннен кейін Қасымханға телефон соқтым. Ол жаны қалмай елпектеп, Алматымен іргелес Абай ауылындағы үйіне шақырды. Келдім.

Күздің тып-тынық жайма-шуақ күні. Қа­сымханның ауласы жайнаған гүл. Жұ­па­­ры көкірек жарады. Гүлдің ортасында дөң­ге­лек үстел. Екі кресло. Бірақ біз жүре әңгі­мелестік. Іштей толқулымын. Жүрек лүпілін зорға басып, діттеген ойымды ша­шы­ратпай, суыртпақтап, шығара бастадым:

- Бірінші шумағы - түн. Теміртау түні! Толықсыған толған Ай! Айдай сұлу қыз көркіне құлай берілген албырт сезімді жайсаң жігіт.

Екінші шумағы - бұлғақтап, желігіп жүрген сол жігіт қыз алдында сөз айта алмай толқып, тек көзімен өртеп, сұқтана қарай береді.

Үшінші шумақта - қыз жүзін ай­ма­лаған Сарыарқаның самалы! Іңкәрлік сезім.

Төртінші шумағы - Теміртаудың кер­без көлі Самарқан... Самал тербеген ақ айдын... Аспанда қалқыған алтын Ай! Ай сұлу ма, қыз сұлу ма?.. Жүрек жандырған құмарлық оты...

Бесінші шумағы - теміртаулықтар айлы түндерде Самарқан көлінің жаға­сын­дағы сейілден қайтып бара жатып, дәйім:

Не забудь и ты эти летние,

Темиртауские вечера, - деп әндетеді екен. Солардың арасында Нұрсұлтан мен Сара бар! Ән дәл осылай қимас көңілдің ұмсындырған сезімімен аяқталуы тиіс!

Қасымхан осы сөздерді үнсіз тыңдап, бас изей берді.

Мен Қасымханды жеке қалдырдым да, ауланың ішінде әрі-бері жүріп, одан әлі де болса желегі желкілдеп тұрған бақты аралап, өз ойыммен өзім боп кеттім.

Шамалы уақыттан кейін Қасымхан алғашқы екі шумақты көрсетті:

Жарқылдаған сырғаң-ай,

Толықсып бір туған Ай!

Теміртаудың аруы,

Жаным, саған жаным құрбан-ай!

Қыз сөзіне еліткен,

Жігіт едім желіккен.

Көрген сәтте өзіңді,

Толқыдым мен, айтшы, неліктен?

Қасымханның асығыс жазылған шимайына қарап тұрып: "Великолепно!" - дедім басқа сөз аузыма түспей. Қасым­хан қағазға қайта шүйілді. Іркілген жоқ:

Сарыарқаның самалын

Аймалатқан жамалың!

Жүрегімді жандырды

Сырға толы мөлдір жанарың, - деген шумақты жарқ еткізді. Мен:

"Тамаша экс­промт!" - дедім сүй­сініп. Қа­сымхан қоян ілген қаршығадай жұтынып:

Көл тербетіп жағаны,

Жұлдыз жымың қағады.

Алаулаған жүзіңді

Ай да қимай батып барады, - деген сөздерді асықпай, бипаздап жазды. Мен:

- "Какая красота?!" - дедім, - енді концовка!..

Қасымхан шамырқана қозғалақтап:

- Ілаға, әндетіңізші, - деді.

Мен осы шумақтардың бәрін әнге қосып, екі рет қайталадым. Қасымхан екі көзі қара бұлақтай тұнып:

Теміртауда мақпал түн,

Жан сырыңды ақтардың.

Армандай бір ән қалды,

Белгісі боп қимас шақтардың! -

деген шумақты еш кідіріссіз мөлдіретті. Елес­теткенім де, күткенім де дәл осы көрі­ніс, осы сөз! Қасымханға үн-түнсіз төгіле қарадым...

* * *

Екі күннен кейін телефон арқылы жаңа туған әннің мән-жайын Теміртау­дағы Тілеукен Смағұловқа жеткіздік. Теле­фон­мен әндетіп айтып та бердім. Тілеукен жел­піне сөйлеп, жер-көкке сыймай қуанды.

Қасымхан іле-шала Теміртаудағы жер­гі­лікті газеттің редакторы Аманжол Ақын­ға телефакспен әннің нотасы мен сө­зін салып жіберді. Сол күні бізге теміртау­лық азаматтардың риза болған лебізі де жетті.

Тілеукен бұл жайды қала әкімі Серік Нығметұлы Ахметовке мақтаныш сезіммен айтыпты. Сөйтіп, "Теміртау түніне" қы­зық­қаны сондай, олар қаладағы мәдениет қызметкерлерімен тез арада мәміле түзіп, бұл әнді орындаушыларға конкурс жария­лапты. Менің Теміртауда авторлық кешімді өткізуді де жоспарлапты. Теміртаулықтар өстіп дүбірледі-ай кеп.

Арада біраз күндер өткенде Тілеукен телефон соғып:

- Әншілер конкурсында өзіміздің теміртаулық квартет - екі жігіт, екі қыз ерекше көзге түсті. Осы бір күндері Мем­лекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев Теміртауға арнайы іссапармен келіп еді, бір әсерлі кездесуде "Теміртау түні" әнін сүйсіне тыңдап, жылы лебіз білдірді, - деді.

Дәл осы кезде (2001 жыл, 11 қараша) "Жас Алаш" газетінің бе­тінде "Теміртау түні" әнінің нотасы жарияланды.

Қараша айының 23-і күні Теміртаудың Мәдениет сарайында "Теміртау түні" деп аталған авторлық кешім Тәттімбет атын­дағы ака­демиялық оркестрдің шалқымалы дүбірі­мен басталды. Дирижері - Қазақ­стан­ның ха­лық әртісі, профессор Алдабер­ген Мырза­беков. Арқа әншілері менің әр ке­зеңде жа­зылған жиырмадан астам әнде­рім­ді шырқады. Концерттің орта тұсында "Те­­міртау түнінің" жазылу тарихы айтыл­ды. Теміртаулық квартет - Жанна Ха­сено­ва, Табысбек Шәкей, Айдар Серік­ұлы, Төлжұма Арыстанбаевтар оны сырлы сезім­мен мөлдірете орындады. Темір­таулықтар дүрілдете қол соқты. Қасым­дағы екі қызым - Қарлығаш, Ләйла және осы Теміртауда тұратын нағашы жеңгеміз Мұқтарима құ­шақ-құшақ гүлдің ортасында тебірене толқып тұрдық.

Соның ертеңінде Қарағанды жұрты "Шалқыма" атты концерттік залда "Арқа­ның айлы түнінде" деген авторлық кешімді та­­ма­ша­лады. Кешті медицина ғылымдарының док­торы, профессор, атақты кардиолог, әдебиет пен музыкаға білікті эстет жан Ғабдолла Құл­қыбаев жүргізіп, әр әннің хикаясын лири­калық сезіммен баяндап отырды. Бұрыннан белгілі әндердің ішінде жұрт "Теміртау түнін" ерекше ықыласпен тыңдады.

Кеш соңында облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов ел атынан ризалық сезімін білдіріп:

- "Теміртау түні" әні - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ро­мантикаға толы жастық шағына арналған ән. Мұндай әннің шығуы заңды да. Халқы­мыздың маңдайына біткен кемеңгер жанды қалай ардақтасақ та біздің жүзіміз жарқын. Сол пейілімізге лайықты да. Ілекеңнің осы бір сәулелі әні жүрекке сондай жылы, оның аңызы да ел арасына кең тарап барады. Әннің сөзі де жібектей есілген көркем дүние екен. Ілеке, "Те­міртау түні" үшін ақын Қасымхан Бег­манов екеуіңіз қашанда біздің Қара­ғандыға, әлбетте, оның ішінде Теміртауға ең қадірлі жандар боп есеп­телесіздер. Осындай шалқыған әндеріңізбен жиі келіп тұрыңыздар! - деді.

Концерттен соң бір топ кісі дуылдаса құттықтап, мені жібергісі келмеді. Бір азамат тұрып:

- Сіз "Алматы кешінде", "Жайлаукөл кештері", "Кеңгірдің қоңыр кештері" дейтін әндеріңізбен қазақ даласының қызарып батқан кешіне қызықтырдыңыз... О, шіркін, сондай-сондай кештеріміз! - деді.

Жаныма жақын жүретін ақын інім Зағыпар:

- Осы әндерден кейін алаулаған кештер жүрегімізді толқытатын болды. Оны өлеңмен бейнелеп те көрдік. Бірақ тіл де дәрменсіз екен, - деп шабыттана сөйледі.

* * *

Атырауда Төкен Жұмағұлов есімді бір текті азамат бар. Оны жұрттың бәрі қадір­леп, үлкені де, кішісі де "Төкен Танаевич" дейді. Маған жан-жүрегімен берілген, ділі кіршіксіз таза, бір бекзат жан. Екеуміз жиі бас қосамыз. Сейілге де бірге шығамыз. Арамызда айтылмайтын сөз, ашылмайтын сыр бол­майды.

Төкен Танаевич бір жолы үйіне шақырды. Дастархан басында адамды ибалы мейірмен үйіретін жан жары Динаның балдай тәтті қою шайын ішіп, әңгіме-дүкен құрдық. Төкен Танаевич ағынан жарылып, шешіле сөйледі:

- Ілеке, Қазақстанның қай жеріне бармайын, әндерің шырқалады да жатады. Сол әндеріңнің бірі - "Теміртау түні". Бұл әнге бір клип түсіріліпті. Теледидар­дан кө­ріп, ой, қатты толқығаным. Оны қараған­ды­лық әншілер тобы сондай әсерлі орын­да­ды, мені тәтті қиял тербеді. Ойым өткен күн­дерге зымырап ала жөнелді. Баяғы елуін­ші, алпысыншы жылдар... Теміртаудың ме­таллургия комбинаты... Көк тіреген домна пештерінің будақтаған қарақошқыл түтіні... Самарқан көлінің жа­ғасында тор­ғын желек жамыл­ған қаланың қайнаған өмірі... Бастарында жап-жалпақ қалпақтары, қолдарында темір ожауы бар болат қоры­т­ушылар... Гүлдері көз тұн­дырған бульвар­лар... Қол ұстасып кетіп бара жатқан жар­қын жүзді жайсаң жастар, міне, осы­лардың ортасында, зәулім терек тізіл­ген тротуарда, о, құдая тоба, құдды аума­ған Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев! Иә, иә, Нұрекең - солқылдаған бозбала! Екі көзі жас қыранның көзіндей жалт-жұлт етеді. Қасында уылжыған бір мөлдір көз... Мен оны Сара дедім! "Апыр-ай, ә!" деп таң-тамаша болғаным. Бұл қандай нәрсе, Ілеке, а? Осы аяулы жандардың сол жастық шағы сенің "Теміртау түні" әніңнің өзегі боп тартылыпты. Мен осы ән орындалып біткенше өмірі­міз­дің сағымдай бұлдырап, артта қалған алтын күндерін елестетіп, өзгеше бір хал кештім. Ләззатқа бөлендім.

Төкен Танаевич сол жолы осылай деді.

* * *

2003 жыл. Қаңтар айының екінші жартысы... Бір күні үйде мазам болмай, сырқаттаныңқырап отыр едім, Төкен Танаевич телефон соқты.

- Ілеке, саламат па?

- Ә, Төкен Танаевич, сәлем, сәлем!

- Жол жүргелі жатырмын, бүгін... Кешкі рейспен.

- Қай жаққа?

- Президент бастаған бизнесмендер делегациясымен Швейцарияға барады екенбіз. Осы топтың ішінде Аслан Мусин, Қы­рымбек Көшербаев, Владимир Школь­ник, Григорий Марченко бар. Делегация құрамы­на ұлым Абай да кірді. Ол "Тен­гиз­­нефтестрой" акционерлік қоғамының президенті ғой. Жас бизнесмен! Біз Абай екеуміз Атыраудан Женеваның өзіне тіке ұшамыз. Делегациямызбен сол жерде бас қосамыз.

- О, Төкен Танаевич, Абайжанды үлкен сапарға алып бара жатыр екенсің, қуаныштымын! Қоғамның бүгіні мен ертеңі осы Абай секілді жас азаматтардың қолында ғой. Қырық шілтен шылауында болсын, Қыдыр ата қолдай жүрсін!

- Рахмет, Ілеке, рахмет! Ім-м... Ендігі сөз былай: "Теміртау түні" әні бар емес пе?

- Иә.

- Мынадай жақсы сапарға бет ал­дық... Сол "Теміртау түнін" ақ тілегің ре­тін­де Швей­царияға ала кетіп, өз атыңнан Прези­дентке табыс етсем деймін! Маған нотасы, кассетасы керек.

- О, Төкен Танаевич... Нота бар, ал кассета... "Теміртау түні" әзірше кассетаға жазыла қойған жоқ.

- Ілеке, Атырауда ол әнді орын­дайтын әншілер бар ма?

- Бар.

- Кімдер олар?

- Гүлнәр, Зина есімді екі қыз. Әдемі дуэт.

- Ілеке, өтінем, осы әніңе пейілім ке­тіп тұр, қалай етсең де бүгін кешкі алты-же­тіден қалдырмай әнді жаздыр да қо­лы­ма тигіз! Және "Еділ - Жайық" әніңнің тарихы баяндалған бір кітапшаң бар еді ғой, соны да қос. Осының бәрін бір пакет етіп әзірле. Жан досыңның бұйрығы осы!

Ал, орындамай көр, мына тілекті. Сыр­қат жайына қалды. Мен ұлы сәске ке­зінде Дина атындағы мұнайшылар са­райы­на келдім. Ішке кіре бергенімде сы­зы­ла әндеткен дуэтті құлағым шалды. Та­ныдым. Гүлнәр мен Зина! Олар мені көр­генде қуанып кетті. Менің ішкі дітімді ал­дын ала сезгендей екеуі қосарлана сөйлеп:

- Аға, біз бағаналы бері біраз әндерді орындап, әзірлік жасадық. Сіздің "Темір­тау түні" әніңіз дауысымызға сондай ың­ғайлы, тыңдап көресіз бе? - деді елпілдеп.

- Иә, кәне, - дедім жүрегім лүп ете түсіп.

Ән орындалды. Бір емес, екі-үш рет қайталанды. Екі әнші қыздың сырлы үніне қатты тебірендім.

Ән кешкі сағат бестің кезінде кассетаға жазылды. Сәлден соң Төкен Танаевичтің қолына тиді.

Кейін сол Швейцария сапарын Төкен Танаевичтің ұлы Абай былай деп әңгіме­леді:

- Біздің бизнес-делегация әуелі Жене­вада, одан кейін Цюрих қаласында өткен кон­ференцияға қатысты. Цюрихтағы бедел­ді жиынды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы кіріспе сөзбен ашып, Қазақ­стан­ның бүгінгі және болашақтағы мүмкіндігі жөнінде жарқын мысалдар келтірді. Мемлекетімізді жан-жақты таныстырды. Банкирлер мен инвесторларды Қазақстан­да кең көлемде бизнес жасауға шақырды.

Содан кейін Аслан Мусин, Ұлттық Банк­­тің төрағасы Григорий Марченко баян­­дама жасады. Қазақстанға қызыққан шетел­дік инвесторлар бірінен соң бірі сөйледі.

Бір кезде үзіліс жарияланды. Міне, дәл осы сәтте, Елбасы трибунадан түсе бер­генде папам орнынан тұрды да, ол кісінің алдынан шығып, қолын алып, сәлемдесті. Сосын сіз берген пакетті тапсырды.

Бұл жайында маған Төкен Танаевичтің өзі де марқая әңгімелеген:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге Атырауда тұратын композитор Ілия Жақанов сәлем хат беріп еді. Мына пакеттің ішінде өзіңізге арналған "Теміртау түні" әні және Сіз сүйіп тыңдайтын "Еділ - Жайық" әнінің тарихы жазылған кітапша бар. Композитордың Сізге деген лебізі және бар. Қабыл алыңыз, - дедім.

Елбасы жүзі жадырап:

- Жақсы, Төкен Танаевич, сіз бен біз дос-көңілдес жандармыз, жас кезімізде Ілекеңнің әндерін айтып өстік, ол кісіні ерекше сыйлаймын. Мына жолдаған әнін тыңдаймын, әрине, кітапшасын да оқимын, өзіне ризашылық сезімімді хат арқылы білдіремін. Рахмет, сізге! - деп қолымды қайта-қайта қысты. Ал, Ілеке, күте бер, бір сәтті күні Президентіміздің сәлем хаты да қолыңа тиіп қалар, - деді.

* * *

2004 жыл. Қараша айының соңғы күндері...

Астанада желтоқсанның бірінде "Кон­гресс-холл" сарайында "Еділ - Жайық" атты концертім болуға тиіс. Соның қа­мы­мен ертерек келгем-ді. Репетиция бас­тал­ды. Бір күні мені Президент Әкімшілігінің Басшысы Иманғали Тасмағамбетов қа­былдады. Мен кабинетіне кіре бергенімде Иманғали орнынан күлімсірей түрегеліп:

- Ілаға, орденіңізбен құттықтаймын! - деп құшақтай алды.

Мен аң-таң боп үндей алмадым. Иманғали:

- Бүгін Бішкектен Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы жолдаған құттықтау хат алдық. Сіз "Дәнекер" орденімен наградталыпсыз, - деді.

Мен Иманғалиға осы қуанышты хабары үшін және осы жазда Алматыда Республика сарайында өткен "Еділ - Жайық" атты концертіме, мына Астанада болатын концертіме жан-жақты көрсеткен көмегі үшін разылық сезімімді білдіріп, жаңа ғана шыққан компакт-дискімді сыйладым. Иманғали дискіге ойлана қарап отырып:

- О, "Теміртау түні" әні де кіріпті ғой, маған тағы біреуін... Нұрсұлтан Әбіш­ұлына берейін, - деп жымың ете түсті.

Абырой болғанда портфелімде екі-үш дискі бар еді, Иманғали соның біреуіне Пре­зиденттің атына автограф жаздырып алды.

Желтоқсан айының бірінде Астанада "Конгресс-холл" залында "Еділ - Жай­ық" атты авторлық кешім өтті. "Теміртау түні" әніне қол соққан жұрттың сол дүбірін еш уақытта ұмыта қоймаспын. Ол да әндеткен өмірімнің бір сәулелі күні!

Сол желтоқсанның он алтысында мен қазақтың бір топ зиялыларының қата­рында "Парасат" орденімен наградталдым. Осы қуаныш үстінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүйім жұрттың ал­дында маған осы орденмен қоса бір кон­верт ұсынды. Жұрт бұған елең ете қалды. Сәлден соң жүрегім толқып, конвертті ашып қарасам, Президенттің өз қолымен жазылған хаты екен. Міне, сол хат:

"Құрметті композиторымыз Ілия Жақановқа!

Леке, өзіңізді және әндеріңізді аса құрметтейтінімді Сіз білесіз.

Қуанышы да, ауырлығы да мол осы Тәуелсіздік жылдарында әр уақытта қолдау көрсетіп, жанымда болдыңыз. Зор рахмет! Бұл Сіздің елге, Отанымызға істеген еңбегіңіз деп білемін.

Әндеріңіз басылған та­бақ­шаны алдым. "Теміртау түні" әнін бізге (от­ба­сымызға) арнапсыз. Рахмет!

Аман-сау болыңыз. Әлі де талай тамаша әндер күтуші  Н.Назарбаев.

15.12.2004 ж. Астана".

Осы хатта қан­ша­ма жан жылы­лы­ғы бар, ізгі жүректің лү­пілі... Әркез кө­зіме оттай басы­лады.

ТЕМІРТАУ ТҮНІ

Әнін жазған: Ілия Жақанов.

Өлеңін жазған: Қасымхан Бегманов.

Жарқылдаған сырғаң-ай,

Толықсып бір туған Ай!

Теміртаудың аруы,

Жаным, саған жаным құрбан-ай!

Қыз сөзіне еліткен,

Жігіт едім желіккен.

Көрген сәтте өзіңді,

Толқыдым мен, айтшы, неліктен?

Сарыарқаның самалын

Аймалатқан жамалың!

Жүрегімді жандырды

Сырға толы мөлдір жанарың.

Көл тербетіп жағаны,

Жұлдыз жымың қағады.

Алаулаған жүзіңді

Ай да қимай батып барады.

Теміртауда мақпал түн,

Жан сырыңды ақтардың.

Армандай бір ән қалды,

Белгісі боп қимас шақтардың!

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279