Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4275 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 08:52

ТҮРКИЯ МЕН РЕСЕЙ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

ЕҚЫҰ аясында Белградта болған жиында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті.

40 минөтке созылған бұл кездесу — 24 қарашада Түркия тарапы ресейлік ұшақты атып түсіргеннен кейінгі екі елдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірінші рет бетпе-бет бас қосуы.

Чавушоглу Анкара мен Мәскеу арасында туындаған проблеманы бір кездесумен шеше салу мүмкін емес деді. Ол тараптар ашық байланысты ұстауы қажет екенін атап өтті. Ресей болса, Түркия тарапынан кешірім сұрауын талап етеді. Ал Анкара Мәскеу ұшақтарының түрік әуе кеңістігін бұзғанын мойындау керек дегенді айтады.

Алдын 3 желтоқсанда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейді советтік дәуірдегі тәсілдерді қолданады деп Ресейді айыптаған болатын. «Советтік машина тарататын насихатқа ешкім сенбейді», - деген ол. Ресей тарапының Түркияны «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымынан мұнай сатып алады деген айыбына президент Реджеп Тайип Эрдоган Ресейдің өзі ИМ-мен мұнай саудасымен айналысады деген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401