Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4349 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 08:47

ТҮРКИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ГАЗ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕЗДЕТЕДІ

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Анкара мен Баку Транс-Анадолы (TANAP) газ құбырының құрылысын тездететіні жөнінде мәлімдеді.

3желтоқсанда Әзербайжан астанасы Бакуде сөйлеген сөзінде Давутоглу екі елдің мақсаты — газ құбырының жобасын 2018 жылға жоспарланған мерзімнен ерте аяқтау. TANAP Еуропалық одақ қолдайтын оңтүстік газ коридоры. Бұл газ құбыры салынып бітсе, Еуропаның Ресейге деген тәуелділігін азайтады.

Жобаның жалпы құны 10 миллиард доллар. Оның мақсаты – Оңтүстік Кавказдағы қолданыстағы газ құбырына қосып, әзербайжан газын Грузия арқылы шығыс Түркияға жеткізіп, Түркиядан ЕО елдеріне тасымалдау. Жалпы қашықтығы — 1850 шақырым. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837