Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 5647 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 08:40

АЙТЫС ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

Қазақстан мен Қырғызстан ұсынған айтыс (қырғыз тілінде айтыш) ЮНЕСКО қорғауындағы материалдық емес мәдени мұралар тізіміне алынды.

ЮНЕСКО-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы шешім 2 желтоқсанда Намибияның Виндхук қаласында өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитетінің отырысында қабылданған.

Қазақ пен қырғыз халықтарында айтыс - топ алдында табан астында суырып салып айтылатын, көбінесе домбырамен сүйемелденетін сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс көбінесе жиын, той, ас сияқты халық көп жиналатын жерде ұйымдастырылады. Айтыстың тақырыбын тыңдаушылар таңдайды. Айтыс жеңімпазын негізінен тыңдаушылар анықтайды.

Қазақстаннан бұған дейін домбырада күй тарту мен киіз үй жасау өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енген. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2680
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4386