Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 30109 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

Елбасы Шымкенттің де болашағын айқындап берді. Қаланы миллион халқы бар, сәулеті мен дәулеті келіскен, тұрғындарға жайлы мегаполиске айналдыру бойынша бірқатар міндеттер жүктегені мәлім. Мәдениет пен өнерімізді, білім мен ғылымды, өнеркәсіп пен бизнесімізді дамыту арқылы біз бұл мақсатқа жететін боламыз.

Әрбір іссапарында Мемлекет басшысы қаламыздың дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашағына үлкен сенім артып келеді. Сенім үдесінен шығу мақсатында ауқымды істер атқарылып, қаламыздың дамуына бағытталған жаңа жобалар жасалды.

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылар-ыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,

Шымкент қаласының әкімі.

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5719