Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4945 0 пікір 28 Қараша, 2015 сағат 19:32

ОТЫРАРЛЫҚ СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Отырар ауданының тумасы, ел құрамасы сапында бақ сынаған 27 спортшының ішінен самбо күресінен облысымыздың намысын қорғаған жерлесіміз Гауһар Тұрмаханова Мароккода өткен Әлем чемпионатында ІІ орынды иеленді. Аталған елдің Касабланка қаласында самбодан ересектер арасында өткен бұл жарысқа дүниежүзінің 82 мемлекетінен таңдаулы спортшылар қатысты. Бұл туралы abai.kz порталы Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әлем спортшыларының ішінде бағы мен бабы қатар шапқан отырарлық самбошы бойжеткеннің мұнан өзге де жетістіктері жетерлік.

Ол 2013 жылы Кореяда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында І-орынды иеленіп, 2014 жылы Жапония мемлекетінің Нарита қаласында өткен самбо күресінен ересектер арасында Әлем чемпионы атанған болатын. Сол кезде әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Ресей елінің балуаны Анна Харитонованы 1-0 есебімен жеңген еді. Дәл осы жылы Шымкентте өткен дзю-до күресінен ересектер арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.

Осыған дейін қазақстандық БАҚ-та оңтүстік спортшыларының жетістіктері туралы аз жазылмаған болатын.

Мысалы, Оңтүстікқазақстандық спортшылар 2015 жылдың  алты айында спорттың 59 түрінен 1114 медаль иеленген. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев хабарлаған.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде 36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді.

Ерен еңбек пен дайындықтын және облыс әкімінің қолдауының арқасында облыс спортшылары ҚР чемпионаты мен біріншіліктеріне қатысып, соңғы алты айдың ішінде 365 алтын, 317 күміс және 316 қола медельге ие болған.

Әлем чемпионаттарында оүтістіктік оғландар 18 алтын, 7 күміс және 5 қола жүлде иеленсе, 5 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 ҚР спорт шебері мен 301 спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269